Саусақ ойындарының сәбидің дамуына әсері

Саусақ ойындарының сәбидің дамуына әсері

Жаңа туған сәбидің саусақтары жұдырық болып түйіліп тұратыны белгілі. Сәби шираған соң, айналасын жетік зерттеп тани бастайды да, алақаны да еппен ашыла түседі. Кез келген ана өз сәбиінің дамуын жіті қадағалап отырады, мұндай кездері саусақ ойындары көмекке келіп, баланың дамуын жеделдете түсетіні анық.

Ойнауды қандай жастан бастаған орынды?

Саусақ ойындарының қарапайым түрлері баланың дамуы үшін қай жаста болсын тиімді келетіні рас, алайда бұл туралы да бірнеше көзқарастар бар. Жапонияның балалар дәрігерлері қарапайым саусақ жаттығуларын нәрсетеге үш айынан бастап жасаған дұрыс деп есептейді. Ал кейбір мамандар мұндай жаттығуларды 6-7 айынан бастау керек деп санайды. Сіз егер сәби қолының тонусы азайып, қимылға икемделе басталса, нәрсетенің екі айлығынан бастап әр түрлі бағытта саусақтарын жаттықтыра берсеңіз болады.

Саусақ ойындары не үшін қажетБіз ерте кезден дәл осы саусақ ойындары туралы білеміз. Әр ұлттың ауыз әдебиетінде саусақпен санау дәстүрі орын алған. Осы санаудың не үшін қажеттілігіне мән беріп көрелік:

1. зейінді жақсарту және көңіл аудару
2. анасына (өзге үлкен адамға) жақын болудағы көңіл-күйдің жағымды болуы
3. жадының жақсаруы
4. ойлау еркіндігінің пайда болуы және қиялға берілгіштік қасиеттің белсенділігі
5. үлкенге еліктеу қабілетінің дамуы, сөйлеуді меңгеруі
6. саусақтың қимыл-қозғалысы арқылы мидың сөйлеу орталықтарын ояту және дамыту
7. қол мен саусақтың иілгіштік қасиетін жақсарту (кейін жазу-сызуға тез икемделуге көмектеседі)

Ұсақ моторика

Саусақ ойындары көп қырлы дамыту әдісі болып танылады. Алдымен қолға жеңіл массаж жасай отырып (кішкентайлар үшін), әрі қарай жаттығуды қиындата беру қажет. Баланың кейінгі уақытта өздігінен жаттығуларды жасауы оның ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі. Ал оның пайдасын ата-аналар ұғына жатар.Саусақ ойныдары арқылы сөйлеу қалай дамиды?

Ең алдымен саусақ ойындары баланың жақсы көңіл-күйде жүруіне әсер етеді, бұл оны жан-жақты дамытады.
Бала үлкеннің айтқанын жақсылап тұрып тыңдайды және түсінуге тырысады. Саусақтарды санауға арналған кішігірім тақпақтардың өзі есте сақтау қабілетін жақсартуға, қабылдауға мейлінше әсер етеді.

Алақанды уқалау және қолмен түрлі қимылдар жасау кезінде мидың сөйлеу орталықтары белсенді бола түседі, бұл ғылымда дәлелденген.

Саусақ пен қол, білектің өзі дами түседі, бұл баланың бір нәрсені ұстауға икемділігін күшейтеді.

Саусақ ойындары – өз сәбиіңізге жақындай түсудің тағы бір мүмкіндігі, бұл жанталасқан өмірде маңызды жол екенін білгеніңіз орынды. Дәл осылай уақыт өткізудің Сіз артықшылықтарын, пайдасын көп ұзамай сезе бастайсыз және де бұл сәбиіңізге күлкі мен жаңа жетістіктер сыйлайтыны анық! 

reactor

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста