Сексуальді үйлесімділік: жұбыңыз кім?

Сексуальді үйлесімділік: жұбыңыз кім?

Астрологтардың жұлдыздардың тағдырымызға әсері жайында бекер айтпайтыны анық. Тіпті кейбіреулер өздерінің екінші жартыларын дәл осы мамандардың сөзімен, жұлдыз жорамалға сүйене отырып іздейтіні де өтірік емес. Ендеше, жұлдызыңызды қарап, төсекте кіммен бал сезімнің дәмін тата алатыныңызды көріңіз.

 

 

Тоқты

 Олар – айтарлықтай мінезді және сексуальді жандар. Төсекте қиялға берілгіш, соған орай тойымсыз келеді. Сондай-ақ олар өздерін ғана ойлайтын эгоистер және төсекте орасан көп күшке ие. Сондықтан да Тоқтылардың жұбы да өздері сияқты қуатты болғаны абзал. Олар сексуальді үйлесімділікті Тоқтылармен, Мергендермен, Суқұйғыштармен, Арыстандармен, Егіздермен және Таразылармен табады.

 

 Торпақ

 

Бұл жұлдызбен туылған жандар төсек қатынасын бағалайды және жақсы көреді, бірақ оларды қызба, қызуқанды деп айта алмаймыз. Торпақтар үшін жыныстық қатынас жан-жақты болмауы керек. Олар жұптарын бірден таңдай қоймайды, ұзақ іздейді. Десе де, торпақтармен Тауешкілер, Бикештер, Шаяндар мен Балықтар жақсы жұп құрай алады.

 

 Егіздер

 

Жаңалыққа құмар жандар. Әрдайым жаңа, ерекше бірнәрсені іздеп жүреді. Бірақ оларды екеуара қатынаста сезімге берілгіш дей алмаймыз. Десе де, әлденені ойлап табуға, жаңалық ашуға құмар. Олардың жұптары да өздері сияқты «шығармашылыққа» жақын жандар болуы керек. Мысалы, Арыстандар, Егіздер, Торпақтар, Суқұйғыштар мен Таразылармен жұп құрса, онда сексуальді үйлесіміділік өз шыңына жетпек.

 

 Шаян

 

Олар өте нәзік, сезімтал жандар. Сондықтан төсектегі жаңа тәжірибелер олар үшін емесі айдан анық. Десе де, Шаян жұлдызымен туылғандар сүйіктісі үшін жердің түбіне дейін баруға да дайын. Сондықтан жұптары оларға төсекте ғана емес, өмірде де адал дос, әрі нағыз көмекші де бола білуі керек. Бұл орайда Тоқты, Сарышаян, Торпақ, Арыстан мен Бикешке сенім артуға болады.

 

 Арыстан

 

Жұбының көңілін қалай да тауып, онымен қоса, жаңа бірнәрсемен таңғалдыруға шебер, тамаша көңілдес. Төсекте өзін бар қырынан көрсете алатын нағыз мачо. Ал Арыстандардың бұл өнерлерін Таразылар, Мергендер, Егіздер мен Тоқтылар ғана өз деңгейінде бағалай алады.

 

 Бикеш

 

Олар – тым ұяң жандар. Әсіресе, әңгіме төсек қатынасы жайында болса, Бикештер мұндайдан бойларын аулақ ұстауға тырысады. Өз жұбымен екеуара үйлесімділіктің барына, бір-бірімен біте қайнай алатынына көзін жеткізгенде ғана алғашқы қадамға барады. Ал сексуальді үйлесімділікті олар Бикештермен және Сарышаяндармен табады.

 

 Таразы

 

Олар төсек қатынасына өте мұқият қарайды. Таразылар үшін бұл – сұлулық пен өзара үйлесімділіктің биік шыңындай. Сондықтан жұбынан да бұл қатынасқа ерекше ықыласпен келуін қалайды. Ал Таразылармен Суқұйғыштар, Арыстандар, Мергендер, Егіздер мен Тоқтылар әдемі үйлесімді жұп құрай алады.

 

 Сарышаян

 

Өте қызуқанды, бірақ сыртқы бейнесіне қарап, бұлай деу қиын. Секс – махаббаттың нәтижесі деп санағандықтан, кез келгенмен төсек қатынасына баруды жөн санамайды. Әдетте, тек бір жанға адал болады. Шаянмен, Тауешкімен, Балықтармен, Бикешпен жақсы жұп құрайды.

 

 Мерген

 

Тәжірибе жасаудың нағыз шеберлері. Олардың алдында «еріп» кетпейтін ешкім жоқ деуге де болады. Өйткені ондай жандар тым аз. Жұбын таңғалдырудан шаршамайды және өте жиі ауыстырады. Десе де, Мергендермен Шаян, Тоқты, Суқұйғыш, Сарышаян және Арыстандар үйлесімділік табады.

 

 Тауешкі

 

Олар – нәзік және тым сезімтал жандар. Ынтызарлық оларға тән емес. Жалғыз адамға адал болуды жөн санайды. Сондықтан төсек қатынасында жан-жақтылық пен жаңалықты ұната қоймайды. Олардың ләззатқа бөленуі үшін Сарышаян, Торпақ, Балық пен Бикеш керек.

 

 Суқұйғыш

 

Арман, қиялға берілген жандар. Сондықтан олардың төсектегі іс-әрекетінен, армандары мен ойлары көп болады. Егіздермен, Таразы, Мерген, Шаян және Тоқтылармен үйлесім таба біледі.

 

 Балықтар

 

Сезімтал, сексуальді жұлдыз. Оларға сенім арта алатын адам керек. Ал ондай адам Арыстан, Торпақ, Сарышаян, Шаян, Тауешкі жұлдызымен туылған жандардың бірі бола алады.

 

anabol.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста