Сұрақ-Жауап. Кеңес

Семіздікті емдеудің тағы бір тиімді тәсілі пайда болды

  • https://www.estetclinic.ru/

    https://www.estetclinic.ru/

Австралиядағы Гарвана медициналық зерттеу институтының ғалымдары қытайлық және канадалық әріптестерімен бірігіп, дәрілік заттың май тіндеріне тікелей әсер ететін тәсілді тапты.

 

Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл саладағы зерттеуде ізденісі нәтиже берген ғалымдардың айтуынша, аталмыш тәсіл бүгінгі таңда артық салмақпен күресуде қолданылып жүрген, дәлірегі, адам тәбетін қайтаруға бағытталған тәсілге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз әрі тиімді.

 

Бүгінде семіздікті емдеуде қолданылатын – аштықты сездірмеуге арналған дәрі-дәрмек орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетіндіктен оны абайлап, яғни, белгілі бір шектен асырмай қолдануға мәжбүр.

 

Бұл татапта арнайы тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысы мен нәтижесі көрсеткендей, BIBO3304 дәрісі егілген кеміргіш жеті апта ішінде бірдей азықпен, бірдей мөлшерде қоректенетін өзге тышқанға қарағанда салмақты 40 пайызға кем жинаған.

 

Мұндай нәтижеге дәрінің көмегімен май массасын азайту әрі организмнен бөлінетін жылуды арттыру арқылы қол жеткізе алған.

 

Бұл әдіс адамға да қолданылып көрген екен - май жасушаларына әсер ету арқылы әрі кеміргіште қооданылған әдіске салып, жылу бөлетін генді белсендіру арқылы оңды нәтижеге қол жеткізген.

 

 

 

 

 




Көрілген: 2905    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31