Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сенің бар-жоғыңды еш сезбейтін адамға ынтық болу бір азап...

  • Сенің бар-жоғыңды еш сезбейтін адамға ынтық болу бір азап...

    Сенің бар-жоғыңды еш сезбейтін адамға ынтық болу бір азап...

Есік


Сенің бар-жоғыңды еш сезбейтін адамға ынтық болу бір азап... Оның жүрегі құлыпталған есік сияқты... Есікті қаға-қаға шаршайсың... Айғайлайсың, сұранасың, жалынасың... Еститінің тек тыныштық. Уақыт өте келе саған бұл есік ашылмайтынын түсінесің. Ол есіктің ар жағында саған орын жоқ. Кетпекке бел байлайсың. Ақырын басып баспалдаққа жақындайсың. Баспалдаққа, бәлкім жаңа өмірге бастар баспалдақ па екен? Мүмкін ол жақта басқа есік ашылар. Міндетті түрде! Төмен қарай сылбыр басып жүре бастағаның сол еді артыңдағы есік сықыр етіп ашылғанын естисің. Жалт бұрыласың. Бұрыласың да жалма-жан артқа жүгіресің. Есіктің ар жағынан төгілген жарық өзіне шақырып тұрғандай. Үміт сыйлаған жарық! Бірақ сенің алдыңда басқа біреудің көлеңкесі көлбеңдеп, ашық есікке кіріп кетеді. Сен жете бергенде есік тарс жабылады. Не болғанын түсіне алмай әлексің... Қайтадан сол есікті қағасың. Тым-тырыс. Ал жауабы оп-оңай – есік саған ашылмайды. Осылай ондаған, жүздеген рет... Ал сен сол есіктің түбінде шоқиып отырғаның... Түк бітірмей... Кетем дегеніңді ұмыттың...

P.S. Кетем деген соң шешімді өзгертпе. Жаңа әлемге, жаңа үмітке есік аш! Артыңа қарама! Қарасаң қал дейтін бір себеп тауып аласың. Уақыт өлтіресің. Сен жаныңның теңізіне бейтаныстарды түсіресің, ал олар жүзе алмайды... Батып бара жатып сені кінәлайды.


Арсений Михайлов

Аударған Шынар Әбілдә


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

жұма, 29.03.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31