Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Сергекке» шағымдануға бола ма?

  • https://otyrar.kz/

    https://otyrar.kz/

Атырауда «Сергек» бақылау «ақылды» жүйе іске қосылғалы жүргізушілерден әкімшілік полиция басқармасына тіркелген заң бұзушылыққа келіспейтіні туралы 79 шағым түскен. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ хабарлады деп жазады azh.kz.

 

Оның айтуынша, кең таралған жол жүру ережесін бұзушылықтың бірі &ndash жол таңбасының тұтас немесе тұтас қос сызығын кесіп өту. Алайда бұл ереже кейде жүргізушіге қатысты емес жағдайларға байланысты бұзылып жатады, деп есептейді өңірдің бас полицейі.

 

- Бұзылып, жол ортасында тұрып қалған басқа көлік құралын немесе ЖКО болған жерді айналып өту кезінде ереже бұзылады. Бұдан басқа, кейде түрлі жұмыс жасап жатқан (бағдаршамды, көше жарығын, белгіні орнату, арықтан қоқысты тазарту, жаңбыр суын сору және т.б.) коммуналдық қызмет көлігін айналып өту кезінде қаланың көлік жолының «енсіз» жерлерінде тұтас қос сызықты кесіп өту қажет болады, - дейді Қ.Үмбетқалиев.

 

&ndash Осы жағдайларда кептеліс болдырмау үшін ЖЖЕ бұзуға тура келеді. Бірақ бұл әрекет мәжбүрлі сипатта болғандықтан, ол ереже бұзушылық деп есептелмейді.

 

«Сергектің» жол жүру ережесін бұзуға ықпал ететін факторға қарамастан заң бұзушылықты автоматты түрде тіркейтіні баршаға белгілі. Егер мұндай жағдайда әкімшілік айыппұл салынса, жүргізушіге бүкіл жағдайды анықтап, нақтылау үшін Нұрсая ықшамауданындағы әкімшілік полиция басқармасына жүгінгені жөн. 

 

Үмбетқалиев жол бойында қарастырылмаған жерде мәжбүрлі тоқтаған кезде ЖЖЕ №7 тармағын («Апаттық сигнал беруді және апатты тоқтау белгісін қолдану») ұмытпау керектігін еске салды. Осы тармақтың талабын сақтамау ереже бұзушылық болады, ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 602-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

 

«АЖ» бұдан бұрын хабарлағандай, «Сергек» компьютерлік шолу және арнайы алгоритм көмегімен автоматты режимде ЖЖЕ бұзылуын және басқа да заң бұзушылықтарды тіркейді. Атап айтқанда, әңгіме жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту, тоқтау сызығын басу, жол таңбасы сызығын бұзу туралы болып отыр.

 

Айта кету керек, 10 қыркүйектен 25 қарашаға дейін «Сергек» камерасының көмегімен 23483 ереже бұзушылық анықталды, салынған айыппұл сомасы - 190 млн 751 мың теңге.

 

Полиция мұнайлы астананың жүргізушілері анағұрлым ұқыпты болғанын, жол-көлік оқиғасының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға азайғанын атап өтті. 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 2853    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 03:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31