Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шаңға аллергияңыз болса...

25 сәуір 2019, 11:52

Ресейдің тұтынушылар құқығы және адамның әл-ауқаты саласын қадағалау федералды қызметі көктемгі аллергияның негізгі белгілері мен емделу әдістері туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды life.ru.

Аллергияға тән белгілер – тұмау, мұрынның бітелуі, жиі түшкіру, қызару, ісік және көздің қышуы, деп атап өтті мамандар.

Олардың айтуынша, аллергиядан емделу немесе алдын алу үшін көшеден келген соң міндетті түрде жуынып, киім ауыстыру қажет. Сонымен қатар, ауыз қуысы, мұрын мен көзді физиологиялық ерітіндімен шаю қажет.

Бұдан бөлек, мамандардың кеңесіне сүйенсек, күнделікті рационнан сүйекті жеміс, жаңғақ, ас көк және дәмдеуіштер, квас және балды алып тастау керек.

"Емдік шөптерді немесе өсімдіктерден жасалған опа-далапты пайдалануға болмайды", - деп атап өтті ведомство.

Сонымен бірге, далада көп жүрмей, қала сыртына да шықпаған жөн. Бөлме және көліктің терезесін қымтап, уақытылы дымқыл шүберекпен тазартып отыру керек.

Белгілер байқалған жағдайда дәрігерге қаралып, неден аллергия туындағанын анықтаған жөн.

Sputnik