Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шаршы алаңның теңдессіз тарландары

21 желтоқсан 2012, 11:51

Жақында ҚР бокс федерациясы еліміздің үздік боксшыларын анықтап, жариялапты. Ерлер арасында Сәпиев, әйелдер арасында Вольнова үздік танылған екен. Ал бапкерлер арасында кімдердің үздік танылғанын білуге бола ма?
Қанат ҚҰРАЛҰЛЫ,
Қарағанды қаласы
Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылып, «Қазақстан бокс федерациясының кубогы­ның» ақтық кездесуі өткен кеште биылғы жылдың үздіктері марапатталған. ҚР бокс федерациясы бірнеше номинация бойынша биылғы маусымның үздіктерін анықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.  
«Ерлер арасындағы үздік бапкер» – Александр Стрельников, ерлер арасындағы ұлттық құраманың бапкерлер кеңесі мүшесі.
«Жастар арасындағы үздік бапкер» – Игорь Фель, жоғары дәрежелі жаттықтыру­шы.
«Әйелдер арасындағы үздік бапкер» – Вадим Присяжнюк, әйелдер арасындағы ұлттық құраманың аға бапкері.
«Үздік төреші» – Рақымжан Рысбаев, АІВА-ның халықаралық дәрежедегі «5 жұлдызды» төрешісі».
«Ерлер арасындағы үздік боксшы» – Серік Сәпиев, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.
«Әйелдер арасындағы үздік боксшы» – Марина Вольнова, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
«Жастар арасындағы үздік боксшы» – Дәулет Байғабатов, 2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
«Үздік спорт журналисі» – Жанар Өте­шева, «Астана спорт» журналының бас редакторы.
«Үздік аймақтық федерация» – «Оңтүс­тік Қазақстан облысы федерациясы» БҚ.