Шаш пен терінің сұлулығын сақтауға көмектесетін жеміс

09 маусым 2022, 10:28

Эндокринолог, диетолог, Ресей медицина ғылымдарының кандидаты Оксана Михалева авокадоның пайдасы туралы айтып берді. Оның сөзінше, аталған жемісті үнемі тұтыну шаш пен терінің сұлулығын сақтауға көмектеседі, ішек қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады және иммундық жүйені нығайтады. Бұл туралы kaz.nur.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Михалева авокадо өте пайдалы өнім деп атады, өйткені оның құрамында калория мөлшері жоғары болғанына қарамастан, адамға қажет май қышқылдары көп.

 

"Бұл май қышқылдары атеросклероздың дамуына жол бермейді, ағзаны созылмалы қабынудан және екінші типті қант диабетінен қорғайды. Сонымен қатар ол иммунитетті, тері мен шаштың күйін сақтайды. Шашты жылтыратады, теріні жұмсақ әрі нәзік етеді", — деп түсіндірді Михалева.

 

Алайда ол артық салмағы бар адамдарды авокадоны көп тұтынбауға және күніне бір-екеуін ғана жеуге шақырды.

 

Диетолог авокадо ішектің жұмысын қалыпқа келтіретінін сөз етті.

 

Сонымен қатар жеміс холестерин мен қанттың сіңуін төмендететіп, ішек микробиотасының құрамын жақсартады.

 

Бұдан бөлек авокадо ішек обырының дамуына жол бермейді және қант диабеті мен қант тамырларының атеросклерозының алдын алуға көмектеседі.