Шашты қаншалықты жиі жууға болады? Маман түсіндірді

09 тамыз 2022, 12:37

Шаштараз және шаш маманы Симона Томас шашты қалай дұрыс жуу керек және зиян тимейтіндей қаншалықты жиі тазалау тұру қажеттігін айтты. Ең алдымен, маман шаш пен бас терісіне күтім жасауды қайта қарауға кеңес берді, өйткені дұрыс таңдалмаған өнімдер оны тез ластайды. Бұл туралы Express басылымы жазады.

Сарапшы шашты жиі жуу теріні эфир майлары мен пайдалы элементтерден айыратынын ескертті. Бұл бастың құрғауына, қышуына, шаштың сынғыштығына және қайызғақтың пайда болуына әкеледі.

Ал Томастың әріптесі стилист Джон Хала бұл процедураны аптасына бір немесе екі рет жасаған абзал дейді.

"Шашты шұғыл қажеттілік туындағанда, атап айтқанда, шаш көлемі мен жұмсақтығын жоғалтқанда ғана жуған дұрыс. Терінің табиғи майы бас терісі мен фоликулласын қалыпты ұстау үшін өте маңызды", – деп түсіндіреді ол.