Шаштың майлануы мен қайызғақты жояды

04 мамыр 2022, 19:34

Шаштараз алмалы сірке суының шашқа пайдасын түсіндірді. Оның мәлімдемесі Glamour журналының сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Стилист әрі шаш бойынша халықаралық педагог Зак Уотсонның айтуынша, сусабындардың құрамында сілтінің көп көлемде болуы шаштың кутикуласын бұзады. Салдарынан шаш сынғыш әрі құрғақ болып келеді.

 

Оның сөзінше, алмалы сірке суы шаштың pH балансын қалыпқа келтіруге, ал ол шаштың жұмсақ әрі жылтыр болуына септігін тигізеді.

 

Одан бөлек, өнім шаштан пигменттерді шайып жіберуге тосқауыл қояды.

 

"Бұл шашы ақшыл-сары түске боялған қыздар үшін таптырмас құрал", - дейді маман.

 

Сондай-ақ, Уотсон алмалы сірке суы шаштағы ылғалды сақтап тұратынын атап өтті. Соның арқасында бұйра шашты нәзік жандылар шаштың табиғи құрылымын сақтай алады.

 

Одан бөлек, аталған өнім шаш үшін ғана емес, бас терісі үшін де пайдалы болып шықты.

 

"Алмалы сірке суының антибактериалды қасиеті шаш фолликуларын тереңінен тазартып, қабынуды азайтады, қайызғақ пен шаштың майлануын жоядя. Шашқа күш пен қайраттылық береді", — деді шаштараз.

 

Таза күйіндегі алмалы сірке суы жағымсыз иісімен көңілді жабырқатуы мүмкін. Сондықтан маман құрамында аталған зат бар сусабындарды қолдануға кеңес береді.