Сұрақ-Жауап. Кеңес

Шайды қайнатқан соң қанша уақытта ішкен жөн?

  • Шайды қайнатқан соң қанша уақытта ішкен жөн?

    Шайды қайнатқан соң қанша уақытта ішкен жөн?

Қазақ – шайқұмар халық. Тамақтың алдында да, соңында да шай іше беретін әдетіміз бар. Бірақ қалай дұрыс ішу керегін білмей жатамыз. Шайдың құрамында пайдалы зат баршылық. Шайда эфир майы, алкалоид, ақуыз бен дәрумен, дубильді заттар болады, - жазды qadam.asia.

Бұл пайдалы заттарды барынша шайға шығарып ішкен жөн. Халқымыздың шайды асықпай демдеп, бықтырып ішетіні де содан болса керек. Бірақ мамандардың айтуынша, шайдың қайнағаннан кейін ұзақ тұрып қалғаны да дұрыс емес. Әр шайдың өзінің ішу уақыты бар. Одан ұзақ тұрып қалса, шай уытқа айналуы мүмкін.

Қара шай қайнаған соң ұзақ тұрып қалмауы керек. Қайнағаннан кейін 10 минуттай бықтырып, жарты сағаттың ішінде ішіп алғаныңыз жөн. Қайнаған шайдың сомасын сүзіп алып, тоңазытқышқа қойып тастауға болады. Суық жерде ол 12 сағаттай шыдайды. Одан кейін уытқа айналады

Сол уақыттың ішінде қайта демдеп ішуге болады.

Көк шай да қайнағаннан кейін ұзақ тұрып қалмағаны жөн. Шамалы суытып барып ішіңіз. Ал азайып кетсе, үстіне ыстық су құюға болады. Бірақ қайнаған соң біршама уақыт тұрып қалған көк шайды ішіп қажет емес.

Лимон қосылған шайды қайнағаннан кейін 30 минуттың ішінде ішіп алу керек. Одан кейін қайта қайнатуға болмайды.

Мамандардың айтуынша, шайды ыстықтай, демделген күйде ішу керек. Ал суып әрі біраз тұрып қалған шайды қайта қайнатып ішу дұрыс емес. Ондай шайдың құрамында зиянды заттар көбейіп кетеді.




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 23:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30