Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ішек инфекциясы қыс мезгілінде белең алуы мүмкін бе?

18 қаңтар 2011, 12:02

Жедел ішек инфекциясы қыс мезгілінде белең алуы мүмкін бе? Оның белгілері мен алдын алу жолдары қандай?
Алма БАҒЫЖАНОВА,
Алматы қаласы
Түрксіб аудандық МСЭҚБ бас маманы А.Бекбосынова:
 Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) көбінесе күн жылығанда, жаз кезінде кездесетін ауру болып табылады. Бұл ауруға балалар жиі шалдығады. Өйткені жаз айларында бала­лар көп уақытын далада өткізіп, көкөністерді, жемістерді жумай жейді. Жеке бас гигиена­сы­ның тазалығын сақтамайды.
Түрксіб ауданы бойынша 2009 жылы бес ай ішінде 174 ішек инфекциясы тіркелген болса, оның 144-і – балалар.
Жедел ішек инфекциясы жеке бас гигие­насын сақтамау, көкөніс пен жемісті жумай пайдалану, сонымен қатар дұрыс пісірілме­ген ет, балық, кондитерлік өнімдер және сүт өнім­дерін пайдалану салдарынан туындай­ды.
ЖІИ басталуының белгілері: дене қызуы­ның көтерілуі, жиі іш өтуі, іштің бүріп ауруы және адамның әлсіреуі. Осындай клини­ка­лық белгілер пайда бола бастағанда жедел дәрігерге қаралу керек.
Ішек инфекциясын жұқтырмас үшін мына ережелерге көңіл бөліңіз:
– жеке бас гигиенасы (қолды сабынмен жуу);
– балаларға жеке бас гигиенасын үйрету және қадағалау;
– көкөніс пен жемістерді мұқият тазалап жуу;
– көшеден кондитерлік өнімдерді сатып алмау;
– дайын тағамдарды дұрыс сақтау, яғни тоңазытқышта үш күннен артық ұстамау (тез бұзылатын тағамдарға қатысты);
– дүкендерде, базарларда өнімдердің тоңазытқышта сақталуына, жарамдылық мерзіміне, сәйкестік сертификатына көңіл бөлу керек.