Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шетелдерден елімізге қанша қазақ отбасы көшіп келді?

01 желтоқсан 2012, 12:25

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тәуелсіздік алған кезден бастап шетелдердегі қазақтар елге шақырылып, ұлы көш басталған еді. Біз де сол көшпен Қытай елінен келгенбіз. Өкінішке қарай, ол көш 2012 жылы тоқтап қалды.  Осы орайда менің білгім келгені, осы уақыт аралығында шетелдерден Қазақстанға қанша қазақ отбасы көшіп келді?
Іскер МАҚСҰТ,
Алматы облысы
Нақты статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2011 жыл­дың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде  елімізге алыс және жақын шетелдерден 210 225 отбасы немесе 824 170 этни­калық қазақ көшіп келген. Оның ішінде Өзбекстаннан – 126 790 отбасы (494 565 адам), Қытай Халық Республика­сынан – 25 764 отбасы (85 487 адам), Моңғолиядан – 22 124 отбасы (110 856 адам).
Барлық қоныс аударушылардың ішінде еңбекке жарамды жастағылар 54,4 (448 459) пайызды құрайды. 18 жасқа дейінгі балалар 41,2 (339 433) пайыз болса, зейнеткерлік жастағы­лары 4,4 (36 278) пайызға тең. Ал биылғы жылдың үш айында шетелден 3190 қазақ отбасы көшіп келді, яғни тағы да 10 491 адам атажұртына орал­ды.
Елге оралған азаматтарға еңбекке орналасуына, қайтадан жаңа маман­дық алуына қолдау жасалады. Бар­лы­ғына да медициналық қызмет көрсету қолжетім­ді болуы қарастырылған. Бейім­деу орталықтарында құжаттарын дұрыстап алуға кеңестер беріледі. Аты-жөндерінің мемлекеттік тілде дұрыс жазылуына баса мән берілуде. Өйткені кейбір ше­тел­де берілген құжаттарда азаматтардың аты-жөні қате жазылып кеткендері аз емес.