Шетелге шығарда нені білу керек?

Шетелге шығарда нені білу керек?

Жаз мезгілі таяп қалды. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті жазғы демалыста жағымсыз жағдайлар мен проблемаларға тап болмау үшін алдын ала дайындалуға шақырады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

1. Паспорт

Басқа елге саяхатқа шығуды жоспарламас бұрын ең алдымен паспортыңыздың қолданылу мерзімін тексеріп алған жөн. 2009 жылдан бері Қазақстанда биометриялық паспорттар берілуде (электронды чип орнатылған). Мұндай паспортар он жылға дейін беріледі. Мерзімі өтіп кеткен не өтуге таяп қалған құжатты міндетті түрде ауыстыру қажет. Жаңа паспортты бір ай ішінде ауыстыруға болады.

Қазақстан азаматтарына құжаттар он бес жұмыс күннің ішінде беріледі. Егер паспорт шұғыл қажет болса, оны жеделдетілген тәртіпте 1-7 күн аралығында рәсімдеуге болады.

Егер демалысқа жасы 16-дан төмен баламен бірге баратын болсаңыз, оған да паспорт рәсімдеу керек екенін ұмытпаңыз. Көптеген елдерде ата-анасымен бірге жүрген баладан да паспорт талап етіледі.

2. Айыппұлдар мен қарыз-берешектер

Паспорттан бөлек, «Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметі арқылы шетелге шығуға қойылған шектеудің бар-жоғын тексеріп алу қажет. Мұндай шектеуді ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтындағы «Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі» мәліметтер базасынан немесе «Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі» мәліметттер базасынан тексеріп алуға болады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылықтар мен төленбеген айыппұлдарды да анықтап алу керек.

3. Визалық режим

Таңдаған еліңізге саяхат жасау үшін ондағы Қазақстан азаматтарына арналған визалық режим жайлы біліп алған абзал. Егер виза қажет болса, оны алдын ала дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге барып жасату керек. Визаны кейбір туристік агенттіктер арқылы да жасатуға болады.

Визасыз режим болса, ол елде болудың ең ұзақ мерзімі мен тәртібін анықтап алыңыз. Шетелдердегі виза туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтынан алуға болады. Бір мемлекет арқылы транзитпен баруды жоспарласаңыз, онда транзиттік виза туралы да ақпарат сізге қажет болмақ.

Визадағы мәліметтердің дұрыстығы мен оның қолданылу мерзімін, шетелде жүруге рұқсат етілген күндердің санын тексеріңіз.

Шетелге оқу, жұмыс істеу немесе тұрақты мекен етуге бару үшін АХАЖ-да берілген куәліктер мен анықтамаларға, біліміңіз, мүліктік қатынастар, еңбек қызметіңіз және әлеуметтік қамтамасыз етілу жайлы құжаттарға, сотты болмағандығыңыз туралы анықтамаға мөрқалып бастырып алу керек.

4. Медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмектер

Шетелге баратын болсаңыз, сол жақта болатын уақытыңызға медициналық сақтандыру алу қажет. Ол медициналық көмек қажет болған жағдайда сізге шығындарыңызды өтеуге мүмкіндік береді.

Өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек алмас бұрын, сіз баратын елде оларды қолдануға рұқсат етілгенін анықтап алыңыз. Сондай-ақ, тропикалық елдерге бару үшін дифтерия, сіріспе, полиомиелит, сары безгек секілді инфекциялық аурулардан екпе алуды ұмытпаңыз. Ал, Меккеге қажылыққа баратындар менингокок инфекциясына қарсы вакцинациядан өтуге тиіс.

Африка, Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне ұзақ уақытқа баратын адамдардың В гепатитіне қарсы екпе алғаны дұрыс. Кейбір елдерде тиісті екпелерді алғаны туралы анықтамасыз туристерді қабылдамауы мүмкін.

5. Кедендік бақылау

Қазақстаннан басқа елге 10 000 доллардан артық ақшалай қаражат алып өтуге болмайды. Оған арнайы декларация қажет. Баратын елде декларациясыз алып өтуге болатын қаражаттың шекті мөлшері мен ол жаққа тағы қандай заттарды декларациясыз алып өтуге болатынын міндетті түрде анықтап алған жөн.

Ақашаны не тауарды шекарадан декларациясыз заңсыз алып өткендер әкімшілік, тіпті қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін.

Жолға азық-түлік пен шылым алғыңыз келсе, оларды басқа елде қолдануға рұқсат етілгенін біліп алыңыз. Мысалы, мұсылман елдеріне ішімдік алып өтуге болмайды.

Сонымен қатар, лауазымды органдардың рұқсатынсыз мәдени құндылық болып табылатын заттарды, флора және фауна нысандарын, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді шекарадан алып өтуге тыйым салынған. Әуе көліктерінде қол жүгінде кесетін, шаншитын заттарды, балалардың ойыншығын және пішіні қаруға ұқсас заттарды алып жүруге болмайды. Кейбір елдерде түрлі сұйықтықтар мен гель алып өтуге де шектеу қойылған.

6. Тәртіп нормалары

Шетелде жүргенде біздің азаматтарға басқа елдегі заң мен ережені бұзбауды есте сақтаған абзал. Әдеп пен моральдың жалпыға ортақ нормаларын ұстану қажет. Сондай-ақ, елдегі саяси ахуал мен климаттық жағдай туралы да алдын ала оқып-біліп алуыңыз керек.

Егер шетелде жүргенде құқыққорқау органдары қамауға алса, немесе жол-көлік оқиғасы секілді басқа да жағдайларға тап болсаңыз, сол елдегі Қазақстанның консулдық мекемесінің қызметкерімен кездесуді талап ете аласыз. ҚР Консулдық мекемесінің қызметкерісіз шет тілде толытырлған ешқандай хаттамалар мен құжаттарға қол қоймаңыз.

Сондықтан, шетелге баратын кезде Қазақстанның елшілігі мен консулдықтық мекемелерінің телефондарын жазып алғаныңыз дұрыс болады.Сондай-ақ, туыстарыыңыз бен достарыңызға баратын жеріңіз жайлы және сол жақта қолданатын байланыс мәліметтеріңізді қалдырғаныңыз жөн. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста