Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Синтезделген өнiм өмiрге қауiп төндiре ме?

08 маусым 2011, 17:37

Табиғи тамақ өнiмдерi биологиялық синтездеу арқылы өндiрiске шығарылып жүр. Осы тәсiлдiң адам ағзасына беретiн пайдасы қаншалықты?
Гүлжаз КЕМЕЛОВА,
Алматы қаласы
Бұл сауалға биолог-ғалым Мұрат ҒЫЛМАНОВ жауап бередi:
– Синтездеуге шебер халықтың бiрi – қытайлар. Таяуда сол қытайлардың өндiрiсiнен шыққан «Кiшкентай кеседегi кеспе» деп аталатын кеспесi адам ағзасына зиян екенiне көз жеткiздiк. Бұл кеспенi мөлшерден тыс жеген адамның ми қабықтары зақымданады екен. Оны қалай бiлдiңiз дейсiз ғой? Қазақстандық бiр жас бала бұрын-соңды болмаған диагнозбен емханаға түседi. Сол баланың тексеру анализдерi анықтағандай, миында қатып қалған дөңес төмпешiк болған. Жалпы, тамақ өнiмдерi үлкен санитарлық талапты қажет етедi. Әркiм ойына келген дүниесiн жасай беретiндiктен, қай жерден, қандай тамақ сатып алу керегiн бiлмейтiн халге жеттiк. Мысалы, көкөнiстердiң көпшiлiгi синтезделедi. Сәуiр айында қарбыз сатып жататындар бар. Ол қандай қарбыз сонда? Өз басым тамақ өнiмдерiн синтездеуден қоғам зардап шегуi мүмкiн деп ойлаймын.