Сұрақ-Жауап. Кеңес

Смартфон арқылы дерт жұғатынын білесіз бе

  • https://spacefortech.com/

    https://spacefortech.com/

Ұялы телефонның бетінде көптеген бактериялар тіршілік ете алады. Осы орайда "СМ-Клиниканың" инфекционист-дәрігері Наталья Очинская смартфон арқылы жұғуы мүмкін дерттер түрін атады деп жазады "Прайм" агенттігі.

 

Дәрігер 2015 жылы Ұлыбританияның Суррей университетінде жүргізілген зерттеу нәтижелерін назарға ұсынды.

 

Зерттеушілердің тұжырымына сенсек, смартфондар түрлі ауру тудырғыш бактериялардың ошағы болып табылады.

 

"Зерттеу барысында адамдардың 30 телефоны тексерілді. Анықталғандай, кейбір жағдайларда смартфонның бетіндегі бактериялар унитаздар мен ерлер дәретханасындағы тұтқада кездесетін ауру тудырғыш бактериялар санынан 18 есе көп болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, сальмонеллалар, ішек таяқшалары, стрептококтар, стафилококтар және басқалар", - дейді дәрігер.

 

Очинскаяның айтуынша, бұл бактериялар әртүрлі ауыр дерттерді тудыруы мүмкін.

 

Мысалы, тері мен ішек инфекциясы, пневмония, менингит.

 

Сол себепті, дәрігер смартфонның сыртқы бетін күніне кемінде бір рет тазалап отыруға кеңес беруде.

 

"Смартфонды тазалау үшін антибактериалды майлықтарды, сумен сұйылтылған этил спиртін, гаджеттерді дезинфекциялауға арналған арнайы құралдарды қолдануға болады", - дейді инфекционист.

 

Смартфонды тазалауға кіріспес бұрын телефонды қуаттағыштан ажырату керек.

 

Ұялы телефонның тек сыртқы бетін сүртсеңіз жеткілікті деп қорытындылады Наталья Очинская.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31