Сұрақ-Жауап. Кеңес

Смартфондарды қалай дезинфекциялаған жөн – сарапшы

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Смартфондар коронавирус инфекциясын тасымалдауы мүмкін. Сондықтан гаджеттерді жиі залалсыздандырып тұру керек.

 

Оларды этил және изопропил спирті, сутегі асқын тотығы және гипохлорит натрийімен залалсыздандыруға болады, деп жазды Касперский зертханасы.

 

Сарапшылардың пікірінше, концентрациясы 70-80% болатын изопропил спирті смартфон экранын зақымдамайды. Ал жиі қолданылатын этанол мен сутегі асқын тотығы қаптаманы бүлдіреді.

 

Дезинфекциялық заттарды гаджеттерге құюға болмайды, құрылғыны мақтаны дымқылдау арқылы сүрткен жөн.

 

Мамандардың айтуынша, әсіресе, қоғамдық орындарға, қоғамдық көліктерге және тағы басқа көпшілік жерлерге барғаннан кейін, жұмыс күні аяқталғаннан кейін міндетті түрде телефондарды дезинфекциялаған жөн.

 

Мамандар үйді қауіпті вирустан қалай қорғау керек екенін айтты. Бөлмені дезинфекциялау кезінде үстел, орындық, есік тұтқалары мен тұрмыстық құралдарға ерекше назар аударған жөн.

 

Бұған дейін кеңсені вирустан қалай тазарту керек екендігі туралы жазған болатынбыз. Мамандардың айтуынша, ауа ылғалдандырғыш пен желдеткіш арқылы вирустардан қорғанудың қажеті жоқ.

 

«Желдеткіш кеңседегі микроорганизмдер мен вирустарды жоюға әсер етпейді. Керісінше, жағдайды нашарлатуы мүмкін. Ультракүлгін лампалары бар ауа тазартқышты немесе бактерицидті лампалары бар ауа рециркуляторын қолдануды ұсынамын», - деді сарапшы.

 

Қолма-қол ақша төлемдері де коронавирус жұқтыруға себеп болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, коронавирус қағазда үш-төрт күн, пластик заттарда тоғыз күнге дейін өмір сүреді.

 

24.kz




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 12:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31