Сұрақ-Жауап. Кеңес

Смартфонды сымсыз, контактісіз қуаттайтын тәсіл табылды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Токио университетінің ғалымдары ноутбук, планшет немесе смартфон секілді құрылғыларды сымсыз қуаттай алатын, яғни, розетканы пайдаланбай зарядтай беретін бөлме жасады. Дәлірегі, бұл бөлмеде энергия ауа арқылы берілмек.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзі мен бұл татаптағы зерттеу материалы жарияланған Nature Electronics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Аталған тың технология ғимараттағы адамдарға немесе жануарларға зиянын тигізетін электр алаңынсыз үлкен қашықтан магниттік алаңды пайдалануды ұйғарады.

 

Ғалымдардың айтуынша, аталмыш жүйе бір бөлмелі ғимаратта сынақтан өткізіліп, адамға зияны жоқ деңгейдегі магниттік алаң арқылы 50 Вт қуатымен қамтамасыз ете алады.

 

Бұл жүйе бойынша бөлме ортасында діңгек орнатылады – магниттік әсер бөлменің әр бұрышына жетуі үшін.

 

Десе де бұл технология әлі жетілдірілу үстінде екенін айтқымыз келеді. Дәлірегі, бұл технология wi‑fi секілді жұмыс істемек.

 

Аталған зерттеуге атсалысқан Мичиган жоғарғы оқу орнының Алансон Сэмпл есімді ғалымның сөзіне қарағанда, бұл технологияны медицинада, мәселен, жүрек имплантын қуаттауда пайдалануға болады.

 

 

 




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 19:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30