Сұрақ-Жауап. Кеңес

Смартфоныңыз ұзақ уақыт қызмет етіп, қуаты тез таусылмауына көмектесетін 6 тәсіл

  • Смартфоныңыз ұзақ уақыт қызмет етіп, қуаты тез таусылмауына көмектесетін 6 тәсіл

    Смартфоныңыз ұзақ уақыт қызмет етіп, қуаты тез таусылмауына көмектесетін 6 тәсіл

Мамандар смартфонының қуаты тез таусылып, көп ұзамай бұзылып қалып жататын адамдар үшін гаджетінің ұзақ қызмет етуіне көмектесетін алты тәсілді ұсынды деп хабарлайды "Профиль" басылымы. 

Бүгінде адамзат смартфонсыз бір күнін де елестете алмайды. Телефонын жиі қуат көзіне қоюға мәжбүр жандар оның қуаты әдеттегіден жылдам таусылатынын да байқап жатады. Осы орайда сарапшылар, біріншіден, гаджеттің жұмыс уақытын көбейтуге, екіншіден, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға болатын тәсілдерді назарға ұсынды. Ең алдымен, мамандар телефон толық сөніп қалғанға дейін күтпеуге кеңес берді - қуат деңгейі 40 пайыздан төмен болмауы керек. Екіншіден, қуатталу деңгейі 80 пайызға жеткенде, құрылғыны қуат көзінен ажырату керек. Бұл аккумулятордың жұмыс істеу мерзімін ұзартады дейді мамандар.

Үшіншіден, телефонды түнде қуат көзіне қосқанша, күндіз бірнеше рет қуаттап алған дұрыс. Төртіншіден, смартфондағы қосымшаларды жаңартып отыру керек. Себебі, кейде қосымшаны әзірлеушілер гаджет қуатының тез таусылуына әкелетін қосымшадағы қателіктерді түзеп, жаңартып жатады. Бесіншіден, сарапшылар, телефон фонына күңгірт түсті сурет қоюға кеңес береді. Мұндай суреттер аз энергияны қажет етеді екен. Алтыншыдан, орналасқан жеріңізді анықтау қызметін, виджеттерді, қажет емес хабарландыруларды өшіру де қуат мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер сізге шұғыл түрде қалған қуат мөлшерін үнемдеу қажет болса, ұшақ режимін қосып, экран жарығын төмендетуіңізге болады. 




Көрілген: 3951    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 11:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30