Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Стадионға алкогольді ішімдіктер, шай құйылған термос алып кіруге тыйым салынады

27 қаңтар 2011, 11:15

«Астана-Арена» стадионының қыста суық екенін білеміз. Сол себепті VII қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу салтанатында тоңып қалмау үшін өзімізбен бірге ыстық шай, кофе құйылған термос, тамақтар алып кіре аламыз ба?
Алмагүл НҰРАСЫЛҚЫЗЫ,
Астана
Қала әкімдігінің хабарлауынша, VII қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтетін «Астана-Арена» стадионына көрермендерге өздерімен бірге алкогольді ішімдіктер, ыстық шай құйылған термос сияқты артық заттарды алып кіруге тыйым салынады. Бұл – қауіпсіздік шараларына байланысты қабылданған шара. Күзет қызметі стадионға кіреберіс есіктерде тексеріс жүргізеді. Сондықтан артық заттар тәркіленеді. Ал көрермендер шараның бас­талуына дейін екі-үш сағат бұрын шақырылып отырғандықтан, оларға стадионның ішінде ыстық шай мен фаст-фудтар ұсынылады. Қысқы маусымда ішкі температурасы +5 градус болатын алып стадионның температурасы ашылу салтанаты қарсаңында кемінде +10 градус болады. Бұл үшін арнайы жылу бергіш құралдар орнатылған.