Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Студент» қандай сыйлық алды?

23 қараша 2012, 12:20

Жақында қазақстандық режиссер Дәріжан Өмірбаев түсірген «Студент» фильмі шетелде өткен байқауға қатыстырылды деп естіп едік. Фильм қандай байқауға қатысқан және онда кімдер ойнаған?
Нұрбек Саламатұлы,
Алматы облысы
Белгілі режиссер Дәріжан Өмір­баевтың «Студент» фильмі Португа­лияның Лиссабон қаласында өткен Lisbon & Estoril Film Festival халықа­ралық кинофестивальда арнайы жүлдеге ие болған.
«Қазақфильм» АҚ-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, драма жанрындағы бұл туынды атақты орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының желісі бойынша биыл түсірілген.
Фильмдегі басты кейіпкерлерді  Нұрлан Байтасов, Майя Серікбаева, Едіге Болыспаев, Бақытжан Тұрдә­лиев, Аружан Сайн, Амангелді Айталы, Әсел Сағатова пен Дәріжан Өмірбаевтың өзі сомдаған. Ұзақты­ғы 90 минутты құраған фильмнің операторы – Борий Трошев, ком­позиторы – Бауыржан Қуанышев, дыбыс режиссері – Илья Бисеров. Кинофестивальдың негізгі кон­курс­тық бағдарламасына қаты­сып, шетелдік көрермендер мен кино­мамандарының лайықты бағасын алған жаңа туынды алда­ғы уақыт­та қазақстандық көрер­мен­ге де ұсынылмақ.
Аталған кинофестивальдың мақсаты – өнердің әр саласы өкіл­дерінің арасында ашық, диалог орнату арқылы заманауи тақы­рып­тарды көрсетіп, талқылау және сол арқылы киноиндус­трия­дағы тың идеяларды жүзеге асы­руға жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.