Сұрақ-Жауап. Кеңес

Суды көбірек іше беріңдер: Бас санитар оразаға байланысты кеңес берді

  • Суды көбірек іше беріңдер: Бас санитар оразаға байланысты кеңес берді

    Суды көбірек іше беріңдер: Бас санитар оразаға байланысты кеңес берді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ораза айында ауыз бекітетін қазақстандықтарға кеңес берді.

24 сәуірден бастап қасиетті Рамазан айы басталады. Осы ретте коронавирус инфекциясының ауа, тамшы арқылы таралатынын еске салғым келеді. Адаммен жақын байланыста болған уақытта, түшкіру немесе жөтелу, әңгімелесу кезінде, гигиенаны сақтамай вирус жұққан заттарды ұстағанда да коронавирус жұғуы мүмкін. Биыл коронавирусқа байланысты Рамазан айы басқаша өтеді. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан барынша оқшаулану қажет. Көпшілікке ауызашар жасамауға және мешітте жиналмауға кеңес береміз, - дейді Есмағамбетова.

Осы орайда ол ораза ұстайтындарға тамақ рационына ұқыпты болу қажеттігін жеткізді. Оның ішінде ақуыздар, көмірсулар мен дәрумендер болуы шарт. Суды көбірек ішіп, көкөніс пен жемістерді жиі жеу керек.
Егде жастағы және соматикалық ауруларға шалдыққан адамдар коронавирустың ауыр формасына тап болуы мүмкін. Ағзада ақуыздар, майлар мен дәрумендер аз болса, адамның иммунитеті әлсірейді. Ал иммунитет төмендесе, инфекция тез жұғады және ауру асқынып кетуі мүмкін, - деді бас санитар.

BAQ.KZ




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30