Сұрақ-Жауап. Кеңес

Супермаркеттен қандай 6 тауарды сатып алуға болмайды

  • Супермаркеттен қандай 6 тауарды сатып алуға болмайды

    Супермаркеттен қандай 6 тауарды сатып алуға болмайды

WeChat желісінде қытайлық блогер супермаркеттен алуға болмайтын алты өнімді атады, деп хабарлайды  sputnik.kz РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Ол дайын туралған еттен бас тартқан жөн деп санайды. Блогердің айтуынша, бұл өнім әдетте ет қалдықтары немесе ұзақ уақыт тұрып қалған еттен дайындалады. Сондай-ақ өнімге көп май қосылады. 

Автор супермаркетте контейнерде сақталатын тұздалған көкеністі алмаған дұрыс деп есептейді. Олардың ішінде қауіпті бактериялар болуы мүмкін. Оның жарамдылық мерзімін ұзарту үшін көп тұз қосылады.

Блогер кесілген жеміс-жидекке қызықпауға шақырады. Олардың пайдасы болмайды әрі кескен кезде ішіне бактерия түсуі ықтимал. Автордың айтуынша, дүкен қызметкерлері шіріп бара жатқан жемістерді кесіп, дұрыс жерін алады.

Қатып тұрған балық та осы тізімге енді. Етті басқан кезде ойық пайда болады, балықтың көзі ағарып кеткен немесе қызыл болады. Бұл тауардың ұзақ уақыт жатқанын көрсетеді.

Грильдегі тауықты әзірлеу кезінде де ескі жарамсыз болып қалған өнімдер пайдаланылады.

Дайын дәмдеуіштер жинағын сатып алуды да әдетке айналдырмаған дұрыс. Олардың ішінде бүлінген өнімдер болуы мүмкін. Оларды қаптайтын пленкада бактериялар тез пайда болады, көгеріп кетеді.

sputnik.kz




Көрілген: 1566    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31