Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сүт өнiмдерiне талап күшейтiледi

10 мамыр 2011, 18:51

Былтыр Қытайда сүтке қатысты шу шығып едi. Содан берi сүт тағамдарын пайдалануға қорқатын болдық. Бiзде сырттан әкелiнетiн сүттi қадағалау жағы қалай?
Айша БIРМАҒАМБЕТОВА,
көпбалалы анна
Алаңдауыңыз орынды. Бiрақ жоғарыдағылар да қол қусырып отырмаған сияқты. Жуырда ғана «Сүт және сүт өнiмдерi қауiпсiздiгiнiң талаптары» жөнiндегi техникалық регламентке өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Үкiмет қаулысының жобасы қаралып, мақұлданды. Бұл жоба тұтынушылар мен отандық өнiм өндiрушiлердi сырттан келетiн сапасыз әрi жасанды өнiмдерден қорғау мақсатында дайындалды.
Сүт және сүт өнiмдерi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында техникалық регламент теңестiру көрсеткiшi мен атауының сәйкестiгiн анықтайтын «Сүт және сүт өнiмдерiн теңестiру» туралы жаңа бөлiммен толықтырылды. Егер сүт және сүт өнiмдерi талапқа сәйкес келмесе, онда өнiм керi қайтарылады. Жалпы, техникалық регламенттiң қазiргi нұсқасында өнiм туралы ақпарат, оның құрамы, сапасы мен сипатын көрсету жөнiнде талап бар. Ал қайта қаралған жобада тұтынушы сатып алғысы келген сүт немесе сүт өнiмдерiне қажеттi ақпараттың нақты әрi анық жазылуы жөнiндегi талап қайта күшейтiлдi.