Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сыйлық сыртын қалай әрлер едіңіз? Жауабыңыз сіз жайлы не дейді

  • © reactor

    © reactor

№1

Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз, ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу – сіз үшін нағыз адами қасиет.


Туа біткен данышпансыз. Шетелге шықсаңыз да, өмір соқпағына салса да, тайғақ та тар жолға оңай бейімделесіз. Қандай жағдай болса да, соншалықты уайымдаудың қажеті жоқ деп ойлайсыз, осы ойыңыз сізге бақыт әкеледі. Сізге бір тістегенде айырылмай қатып қалатын, қарапайым қатты алма ләззат сыйлайды. Жақсы жері, алманы жаңа ғана ағаштан өзіңіз үзіп алдыңыз.


№2

Сіз ашық, ойнақы адамсыз әрі қуатыңыз мол. Егер өмірде тұзды мен тәтті қатар келетін болса, сіздің өміріңізде тұздалған тұсы көп. Шиеленіске толы тосын оқиғаларды ұнатып қана қоймай, қажет етесіз де. Қарап отыра алмайсыз, үнемі қозғалыста, әрекетте боласыз.


Қайтпас қайсар әрі әсіре заманауи жансыз. Барлық жаңалық пен жаңа нәрсе асқан қызығушылығыңызды оятып, назарыңыздан тыс қалмайды. Сіз үшін барлық тәтті-дәмді себілген карамельдегі алмаға жетері жоқ.


№3

Сіз таңғажайып тұлғасыз. Өзіңізді әлемдегі ең қызықты адамдар санатына жатқызбағаныңызбен, өзгелер сізден қызығарлық өзгеше қасиет тауып алады. Өмірге деген құлшынысыңыз айналаңыздағы адамдарға жігер беріп, шабыттандырады. Келесі қадамыңызда, болашақта не істейтініңізді болжау мүмкін емес.


Ешкімді таңдандыруға талпынбасаңыз да, басқалар сізге қарап таңдай қағудан талмайды. Атақ-абыройыңыз артық болған соң, барлығы кеңесіңізге құлақ түреді. Түрі тәбет ашып, дәмі тіл үйіретін, үйде пісірілген алма бәлішін бәрінен артық көресіз.


№4

Сіз өте сенімдісіз. Тұрмыстың кез келген сынағына байыппен қарап, пайымды пікір қалыптастырасыз. Өн бойыңыз сабырлылық пен ұяңдыққа тұнып тұр.


Сөйлегенге қарағанда, тыңдағанды артық санайсыз, осы тепе-теңдікті бұзбайсыз. Сізге сенім білдіргендер, жетелеген жағыңызға ере береді. Сізбен бірге суға да, отқа да түсуден тайынбайды. Бастысы сіз оны батырмай да, күйдірмей аман алып шығатыныңызды жақсы біледі. Сізге рахат сыйлайтыны – бір шыны ыстық алма шарабы (сидр). Қолдан жасалған болса, тіптен жақсы.  


reactor




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30