Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сізді өз жасыңыздан үлкен етіп көрсететін 10 қателік

  • Сізді өз жасыңыздан үлкен етіп көрсететін 10 қателік

    Сізді өз жасыңыздан үлкен етіп көрсететін 10 қателік

 Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Тұтас образды құрту үшін бір нашар ойластырылған детальдің өзі жеткілікті. Ал кейде өрескел қателіктерге жол беретініміз соншалықты, тартымдылықтан жұрдай болып, қас пен көздің арасында «қартайып» кетеміз.

Кез келген жаста тартымды әрі жас көрінгіңіз келсе төмендегі қателіктерді қайталамаңыздар.

1. Оверсайз киім
Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Оверсайз киім

Дәл солай. Бүгінде өте сәнді әрі ыңғайлы, кең пішімді киімдер сізге он жастап қоса салуы мүмкін. Қазіргі таңда аса танымал бохо стилі де дәл сондай. Көлемді киімдер сіздің де көлеміңізді арттырады. Ал қосымша көлем автоматты түрде жасыңызға жас қосады. Егер:

— бойыңыз кішкентай (165 см төмен);

— мойныңыз қысқа

— иығыңыз кең

— кеудеңіз үлкен

— бойыңызда артық салмақ болса, сізге еркін пішімді киім таңдауда аса сақ болу қажет.

2. Көк түсті қабаққа арналған бояулар
Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Көк түсті бояулар

Бұл бет әрлеудегі ең кірпияз және қауіпті түс. Ол беттің, әсіресе жасы келген адамның кемшіліктерін айқындауы мүмкін. Көпшілік ойлағандай ол көк көзді қыз-келіншектерге, әсіресе сары шашты аруларға әрдайым жараса бермейді. Ал жасы келген әйелдерге бет-жүзін бояғанда бұл түстен мүлдем бас тартқан жөн. Оның үстіне жылтыры бар, қанық түстер болса, мүлдем жоламаңыз.

3. Еңліктің дұрыс жағылмауы
Барлығы бұл күнде еңлікті жақтың шығыңқы бөліктеріне жағу керектігін жақсы біледі. Алайда жас келе, бұлшықеттер тонусын жоғалтып, ісіну пайда болады, тері де салбырайды. Адамның бет пішіні өзгереді. Сондықтан еңлікті уақыт өте келе көз тұсынан төменірек жаққан дұрыс.

4. Алқызыл және шабдалы түсті тырнақ бояулары
Бұл түстердің теріні сүйкімсіз ететіні қанша мәрте дәлелденді. Мұндай түсті тырнақпен қолдың түсі әдеттегіден солғын көрінеді. Кейде тіпті қан жүрмейтіндей көкшіл тартып тұрады.

5. Өте жұқа немесе терілген қастар
Жіп тәрізді қастар сәннен баяғыда қалды. Сәйкесінше, қасты ескіше жұқалатып жұлып үйренгендердің де бет-жүзі шаршаңқы көрінеді. Сондықтан қасыңызды қалыңдататын майлар мен күтім жасайтын құралдар пайдаланыңыз.

6. Тоналдық кремнің артық жағылуы
Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Бетке бояудың көп жағылуы

Жасы келе әйелдер тоналдық кремдерді және басқа да жасырушы құралдарды жиірек және көбірек пайдалануға бейім келеді. Бұл қате пайым. Ұсақ кемшіліктерді опамен, тоналдық креммен немесе корректормен жабуға болады. Алайда жас өзгерістерін кремнің қалың қабатымен де жасыру мүмкін емес. Оның үстіне, тоналдық құралдың қабаты неғұрлым қалың болған сайын, әжімдер тіпті жас терінің өзінен де соғұрлым айқын байқалады. Бояудың көптігі бетіңізді маскаға айналдырып жібереді.


7. «Жасқа сәйкес» киім
«Джинсы киетіндей жас емеспін…»

«Тельняшканы, онымен қоймай пиджакпен киетіндей жас емеспін…»

«Кроссовки мен белдемше ме? Жоқ, оны тек жастар киеді…»

Осыған ұқсас сөздерді қырықтан асқан әйелдерден жиі естиміз. Ондай әйелдер сұрықсыз кеудешелер мен сұсты қатаң костюмдер киетін, салдарынан өз жастарына тағы 20 жас қосып алады.

Ал шын мәнісінде «жас» көрінетін көптеген заманауи трендтерге жасы келген әйелдер де ілесе алады. Одан ұтпаса, ұтылмайды.

Мысалы, жолақ кофталар (тельняшка сияқты) тіпті классикалық үлгідегі пиджактың ішінен керемет көрініп, бүкіл образға тартымдылық сыйлайды. Ал егер пиджагыңыздың түсі ашық-жарқын (көк, сары, коралл түстес) болса, образыңыз заманауи және стильді болып шыға келеді.

Спорттық аяқкиіммен бірге киілетін ұзын белдемшелерге де қатысты осылай – мұны тек жастар кимейді. Бастысы оныңыз спортзалға арналған аяқкиім болмаса болды. Қала ішіне киетін кеды мен кроссовки таңдаңыз.

Түрлі пішімдерді, фактураларды, түстерді көріңіз. Дүкенге барып, бұрын киіп көрмеген киім үлгілерін киіңіз. Бәлкім образыңыз ұнап қалар.

Англиялық блогер Хеленге қараңызшы. Бұл әйелдің талғамы мен стилі тамаша. Ол батыл, көз тартарлықтай киінуден қымсынбайды.

8. Гардеробта жұмсақ және «бейтарап» түстердің көптігі
Жас келе тері күңгірттене бастайды. Ал жұмсақ түстер ізгі көрінгенімен, сіздің келбетіңізді солғын етіп көрсетеді.

9. Жиі алкогольдік ішімдік ішу
Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Жиі ішімдік ішу

Оның жас кезде де пайдасы шамалы. Ал жас келгенде тіпті қауіп төндіреді. Жүрек пен қан тамырлары әлсірейді, алкольдің әсеріне сезімтал келеді. Сондай-ақ спирттік ішімдік ағзадан бүкіл ылғалды шығарады. Ал ылғал денсаулығымыз бен сұлулығымызға өте-мөте қажет. Тіпті алкогольдің болар-болмас мөлшері де жүзіңізді күңгірт етіп, шаршаңқы етіп көрсетеді.


 

10. Ұдайы ұйқының қанбауы
Аптасына бір рет болсын ұйқының қанбауы терінің жағдайына жағымсыз әсер етеді. Ал ұдайы ұйқы қанбау салдарынан денсаулығыңызда елеулі түйткілдер пайда болуы мүмкін. Тек ұйықтаған кезде (және тас қараңғыда!) түзілетін мелатонин гормоны ағзадағы көптеген процестерді реттейді. Атап айтқанда зат алмасуға, жасушалардың алмасуына, және түптеп келгенде сұлулық пен денсаулыққа жауап береді.

harpersbazaar.kz




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30