Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Табиғи апаттардың шығыны шаш етектен

26 қаңтар 2011, 12:21

Өткен жылы әлемде табиғи апаттар өте көп орын алған сияқты. Менің білгім келетіні, сол апаттардан болған адам шығыны қанша?
Нұрлан Ермекұлы,
Тараз
БҰҰ-ның мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жыл бары­сын­да әлемдегі табиғи апат­тардың салдарынан көз жұм­ған адамдардың саны ша­мамен 297 мың адамды құ­райды. Бұл соңғы 20 жыл­дағы ең үлкен көрсеткіш бо­лып табылады. Жыл ба­ры­сындағы адам шығы­ны­ның басым бөлігі Гаитидегі жер сілкінісінен болды. Бұл зілзала 222 мың адамның тағ­дырын қиыпты. Екінші орын­да Ресейдегі ауа райы­ның ерекше ыстық темпе­ра­турасын атауға болады. БҰҰ-ның мәліметінше, ауа райының құбылуынан 55 736 адам қаза болған. Жалпы, 2010 жыл «адам шығыны бойынша және экономикалық шығын» бо­йынша жағымсыз баға­ланады. 2010 жылы орын алған жалпы саны 373 табиғи апаттардың мате­риалдық шығыны 110 млрд долларға ба­ғала­на­ды. Соның ішінде Чилидегі жер сілкінісінің шығыны – 30 млрд доллар.