Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәж-Махалды кiм салған?

08 маусым 2011, 17:24

«Үндiстандағы әйгiлi Тәж-Махалды Түркiстаннан шыққан шебер салды» дейдi. Осы рас па?
Нұржан ҚҰНЫПИЯНОВ

Әлемдегi аса сұлу, өте ғажап ескерткiштердiң бiрi – әйгiлi Тәж-Махалды өзiнiң сүйiктiсiне арнап салдыртқан Шах-Жаһан екенi баршаға аян. Шах-Жаһан – Жаһангердiң баласы, ал Жаһангер Акбардың баласы екенiн де көпшiлiк бiледi. Бұлар – түркiлер. Ал Тәж-Махалды салған сәулетшi туралы ақпарат өте аз. Кейбiр сараң дерек көздерiне сүйенетiн болсақ, «...Бұл құрылыстың сәулетшiсi Түркiстаннан шыққан шебер едi» деген бiр-екi ауыз сөз бар. Осындай азын-аулақ дерек көздерiндегi мәлiметке сүйенсек, құрылыс салынып бiткеннен кейiн шебердi Шах-Жаһан әдейi өлтiрiп тастаған көрiнедi.