Сұрақ-Жауап. Кеңес

Таңертең қалай ерте тұруға болады?

  • Таңертең қалай ерте тұруға болады?

    Таңертең қалай ерте тұруға болады?

Ауа-райының өзгеруіне байланысты адам ағзасы әлсіреп, ұйқы қысады. Қыстың түні ұзақ болғанмен, дәрменсіздік салдарынан таңертең ерте тұру қиынға соғуы мүмкін. Осыған орай кәдеңізге жарап қалар келесі кеңестерді ұсынамыз.

1. Жатар алдында ертеңге қойып отырған басты жоспарыңызды ойлаңыз. Маңызды екенін есте сақтаңыз. Ертерек тұрып тірлігіңізді тындырған соң бос уақыт қалатынын ескеріңіз.

2. Ерте тұру үшін ерте ұйықтағаныңыз дұрыс. Күнде алдыңғы күннен 15-30 минут ертерек оянып үйреніңіз. Осылайша біртіндеп қажетті уақытыңызға дейін апарасыз.

3. Ұйықтар алдында ғаламторға кіріп, теледидар қарамаңыз. Себебі бұлар адамның жүйке жүйесін қоздырады да, ұйқыны бұзады. Қою шай мен кофені де ұйықтар алдында ішуге болмайды. Түндегі тәтті ұйқы &ndash күніңіздің сәтті өтуінің кепілі екенін ұмытпағайсыз.

4. Ерте тұру үшін өз-өзіңізге көмектесіңіз. Ұйқыдан тұра сала жарықты жағыңыз немесе музыка қосыңыз. Терезелерді айқара ашып, жаттығу жасаңыз. Қимыл-қозғалыс бар жерден ұйқы аулақ жүреді.

5. "Ерте оянып қойыппын, әлі жарты сағат жата тұруға болады..." сынды ойларға жол бермеңіз. Тұра сала жуынуға асығыңыз.

6. Таңертең оянбайтыныңызға сенімді болсаңыз, оятқышты (будильник) пайдаланыңыз. Ол үшін оны жаныңызға емес, өзіңізден алыс жерге қойыңыз. Таңертең шырылдағанда оны өшіруге жеткенше ұйқыңыз ашылуы мүмкін.

7. Таңертең ерте тұру &ndash күні бойы сергек жүрудің кепілі! Осыны жадыңыздан шығармаңыз.

8. Ұйқымды ашамын деп төсекте жатып теледидар қарап немесе телефоныңызды ақтармаңыз. Жаңалық тыңдауға асықпаңыз. Өйткені, төсек жиналмай, ұйқы да сізден алыс кетпейді.

9. Ұйқыңызды ашу үшін, сергектікті сезіну үшін кофе немесе бір кесе су, болмаса алма жеңіз. Бұл ұйқыңыздың ашылуына көмектеседі.

10. Таңертеңгі астан бас тартпаңыз. Ұйқыдан кейін тамаққа тәбетіңіз тартпауы мүмкін. Бірақ, таңғы ас &ndash күні бойғы ағзаңызға қуат берер күшке ие екенін ұмытпағайсыз.

Біз ұсынған кеңестер осындай. Ал сіз таңертең ерте оянып жүрсіз бе? Сіздің ерте тұруыңыздың қандай құпиясы бар? Айта отырыңыз. 

massaget.kz




Көрілген: 2221    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 01:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30