Таңғы жаттығудың пайдасы орасан

Таңғы жаттығудың пайдасы орасан

...Әр күніміздің өзіміз ойлағандай нәтижелі әрі табысты өтуі таңды қалай бастағанымызға байланысты екен. Жасыратыны жоқ, барлығымыз демей-ақ қояйын, бірақ басым бөлігіміз ұйқыдан ояна салысымен теледидар қосып немесе ұялы телефонымызды қолымызға алып, ақпарат әлеміне «сүңгіп» кетеміз. Қыз-келіншектер қауымы таңғы ас дайындаумен қатар бала-шағаны балабақшаға немесе мектепте дайындаудың қамына кіріседі. Осылайша, қарбаласпен жүгіріп жүріп, таңертеңгілік жаттығу жасауды ұмыт қалдырамыз. Жанымыз бен тәнімізді тәулік бойғы аса маңызды күш-қуаттан айырып жатқанымызды жете ұғынбаймыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда жүрек-қан тамыры жүйелерiнiң аурулары, қант диабетi, буын және сүйек аурулары сияқты  көптеген жұқпалы емес созылмалы кеселдің белең алуы адамдардың күнделікті қозғалысы аз өмiр сүру дағдысымен тығыз байланысты екен. Батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кез келген дертті болдырмаудың, оның алдын алудың ең тиімді әрі ең арзан жолын ұсынған мамандар таңғы жаттығуларды үзбей жасауды әдетке айналдыруға кеңес береді. Өйткені ұйқы кезінде адамның орталық жүйке жүйесі де тынығады. Сәйкесінше, жүрек соғысы азайып, тыныс алудың баяулайтыны анық. Ал ұйқыдан оянған соң адам ағзасындағы түрлі мүшелер (органдар) де оянып, олардың қызмет белсенділігі артады. Алайда бұл үрдіс ұзаққа созылып кетсе, жүйке жүйесіне салмақ түседі. Нәтижесінде адам күні бойы ұйқысынан ояна алмай, маужырап жүреді немесе өте ашушаң келеді. Спортпен шұғылданбайтын адамның ағзасындағы зат алмасу үдерісі баяулап, иммунды жасушалардың құрылуы бәсеңдейді. Нәтижесінде иммунитет төмендеп, ағза вирустарға төтеп бере алмайды.

Керісінше, таңертеңгілік кем дегенде 10 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам күні бойы өзін сергек әрі көңілді сезінеді. Таңғы жаттығулар кезінде адамның миында сан мыңдаған үдеріс алмасып жатады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин, яғни қуаныш пен ләззат алу гормоны мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл күйі көтеріледі. Оған қоса жүйелі дене жаттығулары қан айналымы жүйесінің қалыпты қызметіне ықпал етіп, қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Физикалық жаттығулар адам бойындағы қорқыныш, мазасыздық, ұйқысыздықтан арылуға көмектеседі.  Сондай-ақ артық салмақтан арылуда да таңғы жаттығудың пайдасы орасан зор. Оған қоса жүйелі жаттығулардың арқасында денеңіздің жаңа мүмкіндіктерге ие екеніне көз жеткізе аласыз. Әдеттегідей тез шаршамайтын боласыз, әрі арқаңызды тік ұстауға дағдыланасыз. Денеңіз де ішкі жан-дүниеңізбен үйлесім тауып, бұрынғыдан иілгіш, икемді бола түседі. Физикалық белсенділіктің артуы нәтижесінде ас қорыту жүйесінің жұмысы  жақсарады.

Спорт адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ерекше ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында өзіңізге деген сеніміңіз нығайып, өмірге құштарлығыңыз  арта  бастайды.

«Тәрбие &ndash тал бесіктен» демекші, отбасында таңғы жаттығу жасауды дағдыға айналдыру арқылы тек өзіңіздің ғана емес, ұл-қызыңыздың да денсаулығының мықты, ерік-жігерінің мығым болуына жағдай туғызасыз. Әлемде орасан зор жетістіктерге қол жеткізген ұлы тұлғалардың барлығы ерте тұрушылар қатарынан екен. Қазағымыз да «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» деп бекер айтпаған.

Денсаулықтың баға жетпейтін басты байлық екенін ескерсек, арайлап атқан әр таңымызды дене жаттығуымен бастау арқылы өмір сапасын арттыруға, айналамыздағы адамдарға қуанышты көңіл күй сыйлап, жемісті де еселі еңбек етуге болатынын жадымыздан шығармайық.

Динара  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

oraloniri.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста