Сұрақ-Жауап. Кеңес

Таңғы көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі

  • Таңғы көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі

    Таңғы көңіл-күйді көтерудің 7 тәсілі

Таңда тәтті ұйқыны қимай, көңіл-күйіміз түсетін сәттер болып тұратыны рас. Жұмысқа немесе сабаққа баруға зауқың соқпайды. Тіпті тамақ ішу мен далаға шығуға да құлқың болмайды. Ондайда өз көңіл-күйіңді өзің көтеруің керек. Ол үшін не істеу керек?
Таңғы көңіл-күй тамаша болуына бірден-бір себепкер жандар &ndash балалар. «Балалы үй &ndash базар» демекші, таң атысымен үйдегі бүлдіршінді еркелетсеңіз көңіл-күйіңіз көтеріліп, ұйқыңыз қалай ашылғанын да сезбей қаласыз. Әсіресе, жұмысбасты ата-ана үшін таң алдында балаларымен ойнау &ndash күні бойы көңілді жүрудің кепілі. Сонымен бірге таңғы асты отбасы мүшелерінің барлығы бірге ішу де көңілге қуаныш сыйлайды.
Таңертең ерте тұрып жаттығу жасаңыз. Бұл сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді. Таза ауамен тыныстап жүгірудің де пайдасы зор.
Тәтті тағамдардан бас тартпаңыз. Таңертең тәтті тағамдармен шай ішу де көңіл-күйге әсерін тигізеді. Жаныңыз жадырап, көңіл шуағы жарқырайды. Дастарқандағы түрлі тағамдардың иісі де көңіл-күйді көтереді. «Таңғы ас &ndash тәңірден» демекші, тоя жеуден қашпаңыз.
Сүйікті әуеніңізді тыңдаңыз. Таңертең тұрғанда жаныңызға жақын әуенді тыңдаған да, көңіл-күйге әсер етеді. Күні бойы сол әуеннің ырғағымен тербеліп, құлазуға жол бермейсіз.
Жақын адамдарыңызға қоңырау шалыңыз. Жаныңызға жақын жандармен сырласып, телефон арқылы көңіл-күйін көтеруге де болады. Өзге жанға қуаныш сыйласаңыз, сіздің де көңіліңіз жадырап қалары сөзсіз.
Үй жануарларына көңіл бөліңіз. Таңертең үй жануарларын тамақтандырудың өзі көңіл-күйді көтереді.
10 минут назарыңызды өзге іс жасауға арнаңыз. Таңертең жұмысқа құлшынысыңыз болмай тұрса, назарыңызды өзге арнаға бұрыңыз. Жұмыс үтселіңізді реттеңіз, гүлге су құйыңыз, таза ауада тыныстаңыз, ескі альбомды ақтарыңыз, т.б.

qarmaqshy-tany.kz




Көрілген: 3805    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30