Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тауда адасып кетпес үшін не істеу керек – құтқарушы кеңесі

  • Тауда адасып кетпес үшін не істеу керек – құтқарушы кеңесі

    Тауда адасып кетпес үшін не істеу керек – құтқарушы кеңесі

Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Айдос Мұхаметжанов тауда адаспаудың жолын айтты. Жуырда Түркістан облысында жеті турист тауда адасып кетті. Үшеуі аман-есен отбасымен қауышса, үшеуі өлі табылды. Қалған біреуін құтқарушылар әлі іздеп жатыр. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар жазғы демалыс кезінде жиілейді. Тауға алғаш шыққан адам ғана емес, талай шыңды бағындырған тәжірибелі туристің өзі де үйіне қайтып келмей жатады.

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Айдос Мұхаметжанов тауда адаспаудың жолын айтып, туристерге кеңес берді.

Тауға шықпас бұрын не істеу керек
Мұхаметжановтың айтуынша, кез келген турист тауға шығар алдында отбасына, жақын достарына қайда бет алғанын, қашан оралатынын ескертуі керек. Тауда ұялы байланыс ұстамай, хабар беру мүмкін болмаса, туыстары міндетті түрде дабыл қағады.


© PHOTO : РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен азаматтарды іздестіру үстінде
Ауа райын қарап шыққан абзал. Дабылды ескерту туралы хабарлама келген жағдайда, саяхатты кейінге қалдырған дұрыс.

"Өзімен бірге міндетті түрде жылы киімі, ауыстыратын киімі болуы қажет. Себебі тауда жаңбыр жауып, күн күрт суытуы мүмкін. Төменгі жақта жылы болғанымен, жоғарыда суық, жел соғып тұрады. Жейтін тамағы, оттығы болуға тиіс. Сонымен бірге қазіргі заманда пауэрбанк ең қажетті дүниенің біріне айналды, сөмкенің бір қалтасына сала салуды ұмытпаңыз. Көп жағдайда телефон байланыс аясында болып тұрады, бірақ қуаты таусылып қалып жатады", - деді құтқарушы.
Бұған қоса, өзімен бірге дәрі-дәрмек қобдишасын алу керек. Осы орайда Мұхаметжанов сырқаты, қан қысымы бар адамдарға тауға шықпауға кеңес берді. Өйткені тауда қысым өзгеше, тыныс алу қиындайды.

Туристер неге адасады
Айдос Мұхаметжановтың айтуынша ауа райының күрт өзгеруі тауда адамдардың адасуына себеп болады.

"Мысалы тұман басуы мүмкін. Соны көре тұра адамдар түс ауғанда көтеріліп, шығам дегенше кеш батады. Одан кейін өзі көтерілген жолмен түсуге ерініп, жолды қысқарту үшін көп біле бермейтін бағытқа түседі. Сөйтіп адасады. Сол себепті ерінбей өзі көтерілген жолмен қайту керек", - деді ол.

Дала қараңғы, байланыс ұстамаса, құтқарушыларға жарық құралдарымен немесе от жағып белгі беруге болады.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысының тауларында тағы 4 адам жоғалып кетті

Мұхаметжанов туристерге тауға жалғыз емес, топпен шығуға кеңес берді. Егер мүлдем бармаған жерді көруді жоспарлап отырсаңыз, гидтің көмегіне жүгінген абзал. 
Түркістан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен туристерді іздестіруді жалғастыруда
Құтқарушының айтуынша, оңтүстіктегі тауларда қауіпті жартастар баршылық, тастар қозғалып тұрады. Сол себепті топпен шыққанда, бірінің артынан бірі емес, бірі оңға, екінші солға жүрген дұрыс. Өйткені тас домалап, адам құлап кетуі мүмкін деп ескертті ол.

Түркістан облысында жоғалған туристер
25 мамыр кешке Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жігіттердің бірі ауырып қалғандықтан, олар екі топқа бөлінген. Үшеуі көмек күтіп қалған, ал төртеуі құтқарушыларды шақыруға кеткен.




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 22:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30