Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәуліктік ауысыммен істейтін медбикенің жалақысы қалай есептелінеді?

06 желтоқсан 2012, 13:52

Туберкулезге қарсы диспансерде тәуліктік ауысыммен істейтін медбикенің жалақысы қалай есептелінеді? Ол жайлы негіздемені қай жерден қарауға болады?
Айсар, Қарағанды облысы
Азаматтық  қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюд­жет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар­дың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорын­дар­дың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ту­ралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400  қаулысымен   рет­теледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қыз­меткерлерінің лауазымдық жалақылары атқа­ра­тын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жат­қызылуына және мамандығы бойынша жұ­мыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтары­на қарай лауазымдық жалақыларын есептеу үшін бе­кітілген тиісті коэффициенттерді ҚР Үкіметі бел­гіле­ген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындала­ды.
Қаулымен бекітілген Азаматтық қызмет­ші­лер­дің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойын­ша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, бі­лік­тілігі жоғары деңгейдегі медбикелерге еңбек­ақы төлеу  G-10, біліктілігі орта деңгейдегі – G-11 сана­ты бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құ­рай­ды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданы­ла­тын коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшада бекітілген.
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ең­бек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үсте­меақылар Қаулыға 4-қосымшада, ал біліктілік са­на­ты үшін қосымша ақы 19-қосымшада қарас­ты­рылған.
Сонымен қатар 19-қосымшаға сәйкес, мемле­кет­тік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыс істегені үшін кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағат үшін сағаттық ставканың 50% мөлшерінде қосым­ша ақы төленеді.
Күндік (сағаттық) ставка қызметкердің лауа­зым­дық жалақысын ағымдағы айдағы жұмыс сағат­тарының нормасына (жұмыс уақытының ба­лан­сына сәйкес) бөлу жолымен айқындалады.
Аталған Қаулы министрліктің веб-сайтының «Нормативтік-құқықтық база» айдарында орналастырылған.