Сұрақ-Жауап. Кеңес

Таяқтап, өлім жазасына кеседі: әлемде карантин тәртібіне бағынбағандар қалай жазаланып жатыр?

  • Таяқтап, өлім жазасына кеседі: әлемде карантин тәртібіне бағынбағандар қалай жазаланып жатыр?

    Таяқтап, өлім жазасына кеседі: әлемде карантин тәртібіне бағынбағандар қалай жазаланып жатыр?

Көрші Өзбекстанның өзінде өзгелерге қауіпті індетті жұқтырғандар 10 жылға дейін, ал жалған ақпарат таратқандар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
COVID-19 жаһанды жайлап барады. Өлім-жітім көбейіп, вирус алқымнан алған шақта әлем елдері қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шекаралар жабылып, халықаралық рейстер тоқтады. Адамдар өзге елге бармақ түгіл, өз үйінен шыға алмай қалды. Ал тәртіпке мойынұсынбағандарға жаза қатал. Бір ел телі мен тентегін таяқтап, енді бірі түрмеге қамап жатыр. Тіпті, бой бермегендерін өлім жазасына тартатын мемлекеттер де бар.

Біздің елде бүгіннен бастап карантиннің қатаң шаралары енгізілді. Тұрғындар тек азық-түлік алу үшін дүкенге, сосын дәріханаға бара алады. Мұнан кейін жұмыс істейтіндердің көшеге шығуына рұқсат. Ал бұл шектеуді елемегендер 26 510 теңге айыппұл төлейді. Тіпті, үш күнге дейін қамауға алынуы да мүмкін.

COVID-19-ды жұқтырғандар саны бойынша АҚШ тізімнің басында тұрса да, федералдық деңгейде карантин жарияламады. Десе де, 27 штатта шектеу шаралары енгізілген. Тыйым бойынша азаматтар сыртқа тек дәріхана, аурухана, азық-түлік үшін ғана шыға алады.

Ал Қытай, Иран және Еуроодақ елдерінен келген тұрғындар медициналық бақылаудан өтіп, карантинде болуы тиіс. Заңға бағынбағандарға 100 мың долларға дейін айыппұл қарастырылған. Одан қалса, бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Карантин шараларын орындамағандар үшін ең қатал жаза Қытайда. Өзінің вирусты жұқтырғанын біле тұра, қоғамдық орындарда жүрген адам өлім жазасына кесіледі. Жалпы, COVID-19-ға қатысты Қытай билігі 21 қылмыстың түрін айқындап көрсетті. Оның қатарында: карантин кезінде үйден шығу, ем-дом шараларынан бас тарту, шет елден келген соң оқшауланбау да бар.

Бұл қылмыстар үшін азаматтар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осындай қатаң шектеулер нәтижесінде, эпидемия ошағы болған Уханьда 8 сәуір күні карантин аяқталады. 25 наурыздан бастап елді мекендер арасында жүріп-тұруға рұқсат.

Ал Үндістанда бейсауат үйден шыққандарды тәртіп сақшылары таяқтауға дейін барады. Айыппұл мөлшері – 10 мың рупи. Бұл – шамамен 133 АҚШ доллары. Сондай-ақ, сот жаза басқандарды 3 жылға дейін бас бостандығынан да айыруы мүмкін. Иә, 1 млрд 300 миллион тұрғыны бар мемлекетте қазір мыңнан астам тұрғын вирус жұқтырған. Билік енді пойыз вагондарынан ауруларды оқшаулайтын орын дайындамақ.

Ал шығыстағы Батыс Бенгалияда 7 тұрғын тал басына үй салып, өздері оқшауланып отыр. Жақында ғана оңтүстіктегі Ченнаи қаласынан келгендерге дәрігер осындай тапсырма беріпті. Үй тар болған соң, ағаш басына қонақтаудан басқа амал қалмады дейді тұрғындар.

Қауіпті кесел, әсіресе, Еуропаны жайлап барады. Вирустан ең қатты зардап шеккен Италияда карантиннің қатаң түрі жарияланды. Шектеу тәртібін бұзғандар 400 бен 3000 еуро аралғында айыппұл төлейді. Ал үйде отырмай, қала кезгендер вирус жұқтырса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бүгінде тұрғындарды бақылауда ұстау үшін қаржы полициясы тікұшақ пен дрондарды іске қосқан.

Ал Колумбияда ұлттық полиция табыт жүктеген көлікпен қала көшелерін аралады. Бұл – карантинге құлақ аспай, көшеде жүрген халыққа ескерту. Индонезиялық дәрігерлер дауыс күшейткіш құралдар арқылы жұртты үйде отыруға үгіттеп әлек.

Өзбекстан қалаларында бүгіннен бастап жеке көлікпен жүруге тыйым салынды. Қазір бұл елде 149 коронавирус дерегі тіркеліп отыр. Оның ішінде 7 науқас сауығып кетсе, енді екеуі қайтыс болды. Бүгіннен бастап Ташкент, Нүкіс қалалары мен басқа да облыс орталықтарында азаматтардың жеке көліктерімен жүруіне шектеу қойылды. Шаһар ішінде қатынау үшін жергілікті биліктен арнайы рұқсат алу керек. Оның өзі – екінің біріне беріле бермейтін құжат.

Қалада жүруге болатын көлік құралдарына арнайы стикер жабыстырылады. Бұл шектеу сәуір айының 20-ына дейін жалғасады. Ережені елемегендерге 700 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады. Өзбектер үшін 700 доллар – өте қомақты қаражат. Сондықтан карантин режимін сақтауға тура келеді.

Ал коронавирус белгілері барын жасырған әрі көшеде ауру күйінде жүріп, адамдарға қауіп төндірген азаматтар бұдан да қатаң жауапқа тартылады. Дәлірек айтқанда, өзгелерге қауіпті індетті жұқтырғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Үкімет жалған ақпарат таратқаны үшін де қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертеді. Заңды елемегендер 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ғажап емес. 




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 03:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31