Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефон экраны күйіп кетпеу үшін не істеу керек

  • https://freshit.ua/

    https://freshit.ua/

Кейінгі кезде смартфон экранының күйіп кетуі жиілеген. Оның себебін Hi-Tech Mail.ru басшысы Дмитрий Рябинин Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

 

Оның мәліметінше, кейінгі бірнеше жылда экранның күйіп кетуі смартфон қолданушылары арасында үлкен мәселеге айналған. Оның себебі адамдар смартфонды жиі қолдана бастаған. Соның салдарынан екі жылдан кейін матрица жанып кетеді және экранда қандай да бір іздер пайда болады.

 

"Ең алдымен экранда ақ және көк болып тұратын аймақтар жанып кетеді, яғни пернетақта іздері қалып қояды. Сондай-ақ, экранның жоғары жағында сағат көрсетіліп тұратын аймақ күйіп кетеді", - деп түсіндірді Дмитрий Рябинин.

 

Сарапшы қазір дисплейді қалпына келтірудің ешқандай әдісі жоқ екенін атап өтті. Алайда телефон ұзағырақ қызмет етуі үшін бірнеше қарапайым тәсілі бар.

 

"Телефон экранына түс таңдаған кезде мүмкіндігінше қара-қоңыр фон қойған дұрыс. Ол смартфон жұмысының уақытын ұзартады. Сонымен қатар телефон қолданылмайтын уақытта экранның автоматты түрде өшуі үшін таймер қосу керек, яғни телефон бес минут қолданылмаса, өзі құлыпталып қалатындай ету қажет. Бұл да экранның жұмысын ұзартады", - деді маман.

 

Сондай-ақ, аса қажет болмаса экран жарығын тым жоғары етіп қоймау қажет. Телефонды сағат көріп отыратын құралға айналдырмай, үнемі фонда тұрған фотоны ауыстыру керек, ішінде бағдарламалардың орналасуын ауыстырып отырған жөн.

 

Сарапшының айтуынша, жаңа телефон сатып алар кезде сөреде тұрған құрылғыны таңдамаған дұрыс. Оның бағасы салыстырмалы түрде арзан болғанымен, ол біраз уақыт қосулы тұрған. Қандай да бір ақау бірден көрінбегенімен бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін.

 

 

 

 




Көрілген: 4597    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31