Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефон жоғалған кезде не істеу керек

  • https://almashhadalaraby.com/

    https://almashhadalaraby.com/

Бүгінде ұялы телефон адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Онымен байланысқа шығамыз, төлем жасаймыз, жеке мәлімет сақтаймыз. Сондықтан смартфон жоғалса, ішіндегі ақпаратпен бірге ақшадан да айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Sputnik Қазақстан ұялы телефонды іздеу мен жеке мәліметтерді қорғаудың негізгі әдіс-тәсілдерін ұсынады.

 

Айфон іздеу жолдары

 

Apple шығарған смартфондарда "iPhone-ды табу" функциясы бар. Оны алдын ала қосып қойған жөн. Ал қосылып тұрмаса, iСloud-та авторизация жасап, https://icloud.com/find сайтына өту керек. Жүйеге Apple ID-мен кіреді. Соның ішінде "телефон жоғалды" деп белгілегеннен кейін смартфон бұғатталады, Apple Pay де ажыратылады.

 

 

Бағдарламада смартфонның орналасқан жері көрінеді. Жақын маңда болса, сигнал шығаруға болады. Ал алыс жерде жатса, "iPhone-ды табу" арқылы жоғалу режимін қосуға мүмкіндік бар. Ондайда смартфон бұғатталады да, экранына иесімен хабарласу туралы жазба шығады. Осы режим іске қосылса, Apple Pay төлемдері де бұғатталып тұрады. Ал "iPhone-ды табу" функциясы өшіп тұрса, жеке мәліметтерді қорғау үшін шұғыл түрде Apple ID құпиясөзін өзгерту керек.

 

Android телефонды қалай іздейді

 

Ондай смартфондарды табу үшін "Баптаулардың" ішіндегі геолокация мен "Құрылғыны табу" функциясын қосып қойған жөн. Одан кейін android.com/find сайтына өтіп, Google-дағы жеке есеп жазбаңызға кіресіз. Ол жерден Find My Device ресми қосымшасына өтуге болады. Сосын телефонды таңдап, іздеу салынады. Картаға құрылғының соңғы рет желіде болған жері шығады. Бұдан бөлек, оған қоңырау шалып, дыбысын шығаруға болады. Телефон дыбыссыз режимде тұрса да, бес минуттай шырылдайды.

 

 

Смартфонды тауып, бұғаттауға мүмкіндік бар. Жеке мәліметтерді өшіруге де болады. Жоғалған телефонның экранына хабарлама шығару қызметі қарастырылған. Онда байланыс нөмірлерін көрсетуге болады. Сонда смартфонды тапқан адам иесіне хабарласа алады.

 

Телефон өшіп тұр

 

Айфон өшіп тұрса да, жоғалу режимі сөнбейді. Ол смартфон қосылған бойда қайтадан іске қосылады.

 

Ал Android-та ондай функция жоқ. Алайда Google Maps-тан құрылғының қай жерде болғанын көруге мүмкіндік бар. Ол үшін авторизациядан өтіп, мәзірдің ішінде "Хронология"-ны таңдау қажет.

 

Бұдан бөлек, Play Store-да Android негізінде жұмыс істейтін девайстарды іздеуге арналған сан алуан қосымшаны жүктеп, соның көмегіне жүгінуге болады.

 

 

"Арнайы қосымшалар арқылы телефон іздеуге болады. Бірақ ұрылар тиісті функцияларды өшіріп қоюы мүмкін. Бірақ қосылып тұрған күннің өзінде смартфон картадағы нүктеден 20 метрлік радиуста болады. Ол үшін біраз жерді аралауға тура келеді. Биік ғимараттар мен қалың ағаш болса, GPS-сигнал әлсіз болады ", - дейді мамандар.

 

Телефонды ұрлап кетті

 

Ұрланған смартфонды SIM-карта мен IMEI-код арқылы іздейді.

 

SIM-картамен іздегенде алдымен ұялы байланыс операторына бару қажет. Компанияда телеофонды GPS арқылы іздеп көреді. Сол жерде SIM-картаны бұғаттап тастауға да болады.

 

IMEI-код телефон баптауларында бар. Сондай-ақ, оны гаджеттің кепілдік талонынан табуға болады. Полицияға арызданғанда ұялы байланыс операторымен арадағы келісімшартты да апару қажет. Код пен келісімшарттың негізінде арыз жазылады.

 

Полицейлер өз кезегінде ұялы байланыс операторына сұрау салып, смартфонды IMEI-код арқылы іздейді. Ұрылар SIM-картаны лақтырып тастаса да, телефонды желіге қосылған кезде IMEI-кодпен жүрген жерін анықтауға болады.

 

"Ал find-my-phone қосымша арқылы телефонның қай жерде жүргенін көрсетіп тұрсаңыз, полицейлер смартфоныңызды тез тауып береді", - дейді мамандар.

 

Бұдан бөлек, ұялы телефонда банк қосымшасы болса, бірден байланыс орталығына хабарласып, карталарды бұғаттап тастаған жөн. Онлайн-банкинг пен электронды пошталардың паролін де ауыстырып қойған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1241    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 08:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31