Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефон қуаты неге тез таусылатыны белгілі болды

  • Телефон қуаты неге тез таусылатыны белгілі болды

    Телефон қуаты неге тез таусылатыны белгілі болды

Android өндірушілері тым көп энергия қолданбайтын бағдарламалар әзірлеуге мән беруде. Кейде дәл қазіргі уақытта пайдаланылмай тұрған бағдарламалар өздігінен тоқтатылады

Смартфон қуаты тез таусылуының бірнеше себебі болуы мүмкін. Ұялы байланыс сигналының нашар болуы, фон режимінде жұмыс істейтін бағдарламалар, аккумулятордың өте төмен температурасы, телефонның смарт-сағат сынды құрылғылармен бірге жұмыс істеуі солардың қатарында, деп хабарлайды РИА Новости мамандарға сілтеме жасап.

"Телефонның нақты қандай себеппен қуаты тез бітетінін білу үшін, алдымен, фон режимінде жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды тексеру керек,. Мәселен, бағдарламалар "бұлтпен" жиі синхрондалуы мүмкін. Android пен iOS-та мұны баптаулар деген жердегі "Аккумулятор"-дан тексеруге болады", - деп түсіндірді сарапшылар.

Android өндірушілері тым көп энергия қолданбайтын бағдарламалар әзірлеуге мән беруде. Кейде дәл қазіргі уақытта қолданылмай тұрған бағдарламалар өздігінен тоқтатылады. Бірақ бұл қолайсыздық тудыруы мүмкін.

"Егер смартфон смарт-сағатпен бірге қолданылып, жаныңызда қуаттағыш құрылғы болмаса, Bluetooth-ды сөндіруге болады. Сонда смарт-сағат телефоннан дербес жұмыс істеп, телефонның қуаты ұзағырақ сақталады", - деп кеңес берді мамандар.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 01:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31