Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефонда қандай смс сақтауға болмайды?

  • Телефонда қандай смс сақтауға болмайды?

    Телефонда қандай смс сақтауға болмайды?

 Телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайды. Бұл туралы "Синергия" университеті IT институтының директоры мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жеке мәліметтерді қорғау үшін оларды дер кезінде жойып отыру керек екені айтылды. Сарапшы алаяқтар, әсіресе, жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі. Бұдан бөлек, маман құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігін ескертті. Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды. Айта кетейік, осыған дейін ресейлік сарапшылар телефон жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек екенін айтқан еді. Мамандардың сөзінше, қажет емес әрі көп орын алатын қосымшаларды жою телефон жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, жұмыс үстеліндегі сағат, ауа райы, жаңалықтар да құрылғы жұмысын бәсеңдетені анықталды. "Әсіресе, ескі смартфондар баяу жұмыс істейді. Бұл iOS құрылғыларына да, Android-қа да қатысты. Сонымен қатар, Android Go операциялық жүйесі орнатылған заманауи, бірақ арзан телефондардың жұмысы баяу болады", - деді олар. 

Көрші елдің сарапшылары ескі, арзан телефон жылдам жұмыс істеуі үшін екі жол ұсынды: Біріншісі - жүйе баптауын өзгерту. Екіншісі - керек емес қосымшаларды жою немесе барынша аз орын алатын баламасын жүктеу. Ал Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев ұялы телефонның экранын төмен қаратып қойса, оның қызмет ету мерзімі ұзаратынын мәлім еткен болатын. 

Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31