Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефондағы геолокация адамды аңду үшін қолданыла ма

  • Телефондағы геолокация адамды аңду үшін қолданыла ма

    Телефондағы геолокация адамды аңду үшін қолданыла ма

Орналасқан жерді анықтайтын функция көптеген смартфонда қосылып тұрады. Ол GPS - спутниктің навигация жүйесімен қамтылады

Телефондағы геолокация функциясы интернет трафик, батарея қуаты мен адамның тұрған жерін анықтауға қалай әсер етеді? Мұны Sputnik радиосына берген сұхбатында Content-Review жобасының жетекшісі Сергей Половников түсіндіріп берді.

Орналасқан жерді анықтайтын функция көптеген смартфонда қосылып тұрады. Ол GPS - спутниктің навигация жүйесімен қамтылады. Кейбір мамандар қажет болмаған жағдайда геолокацияны сөндіріп отыруға кеңес береді. Мұның арқасында телефон қуатын үнемдеуге болады. Сондай-ақ, кейбір қосымшалардың сіздің орналасқан жерді анықтап, жарнама ұсынуына жол бермейді. 

Алайда Половников бұл функцияны өшірмеген жөн деп отыр. 

"Көптеген қосымшалар дұрыс жұмыс істеуі үшін геолокация модулі маңызды. Өйткені қосымшалар орналасқан жерімізге байланысты қажетті ақпарат ұсынады. Егер кімде-кім сізді аңдымақ болса, GPS функциясы сөніп тұрса да, өз жоспарын іске асыра алады. Себебі адамның қандай мекенжайда екенін базалық станция сигналдары арқылы анықтауға болады", – деді маман Sputnik радиосына.
Оның айтуынша, геолокация функциясы телефон қуатын азайтады. Алайда айтарлықтай әсері жоқ.

"Әрине, GPS телефон қуатына әсер етеді. Бірақ сіз үйде қараңғы болса, жарық сөндіріп, электр энергиясын үнемдеп отырмайсыз ғой", – деді Сергей Половников.

Кейбір адамдар GPS қосылып тұрса, интернет трафик жұмсалады деп есептейді.

"Жоқ, бұл шындыққа жанаспайды. Сіз, тіпті, сим-картаны алып тастасаңыз да, GPS жұмыс істей береді. Карталар офлайн-режимде жүктелсе, желіге қосылмай-ақ навигатор қолдана беруге болады", – деп түсіндірді Content-Review жобасының жетекшісі.

sputnik.kz




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 16:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31