Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефонға код қоюдың ең сенімді әдісі

  • © Sputnik / Максим Блинов

    © Sputnik / Максим Блинов

Смартфонды алаяқтардан қорғаудың бірнеше тәсілі бар. Ресейлік IT-маман Даниил Чернов қай әдістің сенімді екенін айтты, деп хабарлайды "Невские новости".

 

Сарапшы деректерді аутентификациялау екі қағидат бойынша жүргізілетінін алға тартты.

 

Бірінші жағдайда телефонның құпия коды ретінде сандар мен сызбаларды қолдануға болады. Алайда оны оңай тауып алуға болады. Осы тәсілді таңдаған жағдайда басқа жүйелердің пароліне сәйкес келмейтін күрделі сандық немесе графикалық комбинацияларды ойлап тапқан дұрыс.

 

Ал екінші жағдай биометриялық деректерді пайдаланып экранның құлпын ашуға негізделген. Оны дауыс арқылы, бет және саусақ ізін сканерлеу арқылы ашуға болады.

 

Черновтың түсіндіруінше, бұл әдіс бірінші тәсілге қарағанда әлдеқайда сенімді. Өйткені телефон тек бір адамға ғана ашылады.

 

Айта кетейік, бұған дейін телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтыны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Ол жерде телефон батареясы ұлғайып немесе күнге қатты қызып кеткенде, яки дымқыл күйінде қуаттамауға кеңес берілген.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 4945    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31