Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефонына SMS келгендердің барлығына 42 500 теңге беріледі ме

  • Телефонына SMS келгендердің барлығына 42 500 теңге беріледі ме

    Телефонына SMS келгендердің барлығына 42 500 теңге беріледі ме

 4 сәуір күні көптеген ел тұрғындары 42 500 теңге алуына болатыны хабарланған SMS хабарлама алған болатын. Бұл хабарлама электронды үкімет базасы арқылы проактивті жіберілгені айтылған еді. Алайда мұндай SMS бәріне келмеген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгеріс енгізген. ТЖ енгізілгенге дейінгі бір жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған тұлғалардың, өтініш жазған күнге дейінгі 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған бірыңғай жиынтық төлемді өтегендердің, ТЖ енгізілгенге дейінгі соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың тізімде жоқ екендігі белгілі болды.

I, II, III топтағы мүгедектер, ерекше қажеттілігі бар балалар, мұндай балаларды күтіп отырған ата-аналар мен атаулы әлеуметтік төлем алушыларға төтенше жағдай кезінде әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсетеді. Карантин кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті көмек ақшалай түрде жасалады. Алушының есепшотына 4 айлық есептік көрсеткіш - 10 604 теңге екі траншпен беріледі. Айдың басында 2 айлық есептік көрсеткіш және айдың ортасында 2 АЕК жіберілмек.

Сонымен әлеуметтік төлемді кімдер алады?

шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;

жеке практикамен айналысатын адамдар;

бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;

міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар;

қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;

карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды. 42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс. 

Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 1395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 08:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31