Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Теннің көрсеткіші тым төмен

04 мамыр 2011, 10:49

Мәнерлеп сырғанаудан Ресей астанасы Мәскеуде әлем чемпионаты өткенінен хабардармын. Қазақстандық спортшы Денис Теннің көрсеткіші қандай болды екен?
Айзада Алыбаева,
Алматы қаласы
Шынын айтсақ, Денис бұл жолы жанкүйер­ле­рін қуанта алмады. Алдымен қысқа бағ­дар­ла­мада 71 балл жинап, 10-орынға орналасса, ер­кін бағдарламада 138,99 ұпаймен 14-орынға табан тіреді. Сөйтіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 209,99 балл жинаған Тен 14-орыннан ары көтеріле алмады. Дегенмен жерлесіміздің сәт­сіздігін мына себеппен түсіндіруге болатын сияқты. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы жеке жат­тық­тырушысын алмастырған спортшы әлі де жа­ңа бапкердің жаттықтыру әдісіне үйренісіп үл­гермегені көзге ұрып тұр. Оны ресейлік бас­пасөз қызметкерлеріне берген сұхбатында өзі де мойындады. «Бұл біріншілік мен үшін өтпелі ке­зеңмен тұспа-тұс келді. Келесі жылдан бастап нәтижем жақсара бастайды деп ойлаймын», – деді жерлесіміз. Ал қазіргі бапкері Фрэнк Кэр­ролл «келесі жылы шәкіртім бір секіргенде төрт рет айналатындай болады» деп уәдені үйіп-төгу­де. Ендеше, әліптің артын бағайық.
Енді біріншіліктің қорытындысына келер бол­сақ, ерлер арасында канадалық Патрик Чан қос бағдарламаның қорытындысы бойынша 280,98 балл жинап, әлем чемпионы атанса, жапон жігіті Такахико Козука – екінші орын, ресейлік Артур Гошинский үшінші орынға ие болды.