Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоқтатудың да тәртiбi бар

06 маусым 2011, 17:33

Осыдан бiраз уақыт бұрын менi арнайы жол полициясының көлiгiнде емес, басқа көлiкпен жүрген қызметкер тоқтатты. «Сiз қызметтiк көлiкте емессiз ғой?» деп едiм, әлгi менi сөзге келместен жiбере салды. Сондай-ақ жол полициясының қызметкерi жұмыстан тыс кезде жол тәртiбiн реттей ала ма, жоқ па? 
Салтанат Тоқтарқызы,
Көкшетау қаласы
Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң 2002 жылы күшiне енген  №789  қаулысына сәйкес, қызметте тұрған жол полициясының тәртiп сақшысы арнайы түрлi-түстi жолағы бар патрульдiк көлiкпен де, басқа да көлiкпен де жүре алады. Алайда жүргiзушiлер есiне сала кетейiк,  жол полициясының қызметкерi жол ережесiн өзiнiң жеке көлiгiмен бақылай алмайды. Бұл заңға қайшы.  Екiншi сауалға қатысты айтарымыз, егер жол полициясының қызметкерi жүргiзушiнi тоқтатып, оның көлiгi мен құжатын жұмыстан тыс кезде тексерсе, тиiстi орындарға хабарласыңыз. Себебi ол да заңға томпақ келедi.
Жол полициясының қызметкерi автокөлiктi тоқтатқанда қолындағы ала таяқшаның көмегiмен жол жиегiне тоқтайтын жердi нұсқап, тоқтаған соң қасыңызға келiп, қолын бас киiмiне тақап, өзiнiң лауазымы мен аты-жөнiн атағаннан кейiн жүргiзушiге оны не себептi тоқтатқанын мәлiмдеуi тиiс.  Егер жүргiзушi қажет деп тапса, тәртiп сақшысынан оның қызметтiк куәлiгiн талап етуге құқылы. Басқа құжаттарды көруге рұқсат етiлмейдi. Оның баршаға жариялана бермейтiн өзiндiк құпия себептерi бар.