Төсек қатынасына деген ынтаны қалай оятуға болады?

Төсек қатынасына деген ынтаны қалай оятуға болады?

 Кішкентай бала-шаға, тұрмыстық жағдайлар, жұмыстағы күйзеліс. Міне, бұл жағдайлардың барлығы әйел адамының көңіл күйін түсіріп қана қоймайды, оның төсек қатынасына деген ынтасын да күрт төмендетіп жібереді екен. Нағыз белсенділік танытар 30-40 жастардағы көптеген әйелдер неліктен ынтық сезімінен алшақ қалады? Бұл туралы мамандар әңгімелейді.
Түрлі зерттеулер нәтижелері 35 жастағы әйелдердің 60%-ы өмірдің нақты бір кезеңдерінде ынтызарлық сезімдерінің төмендегенін көрсетті. Бұл дегеніміз тең жарты ерлі-зайыптылардың іңкәрлік сезімдері сәйкес келе бермейді деген сөз. Бұл қандай үлкен мәселе екенін ойлап көріңізші? Әйел адам төсекте көзін жұмған күйі жатып алып өзінің шаршағандығын, ерінің оны мазаламауын тілесе, ал күйеуі бір кездері олардың екеуіне де ортақ болған ләззат шақты ымдап жалынудың аз-ақ алдында болады.

 

Дәрігер қабылдауында болған ер адам бір күні: «Ол менен бірнеше сантиметр алшақ жатады, бірақ, бізді бірнеше шақырымдар бөліп тұрғандай сезіледі. Оның бетіндегі бейнесіне қарап, оған қолыңның ұшын да тигізуге құлқың болмайды», – депті.

Бұл мәселелердің шешімін табу үшін ақ халаттылар 98 жұптың арасында тәжірибе жүргізіпті. Олардан бірнеше апта бойы төсек қатынасы жайлы айтқан әңгімелерін, ойларын жазып алуын өтінген. Зерттеу жұмысына түрлі жастағы адамдар қатысты. Олардың арасында студенттен бастап, отбасылық өмірде 50 жыл тұратын үлкен адамдар да бар. Нәтижесінде, көптеген әйел адам өзінің жолдасының қалауынан бас тартып алады да, артынша өздерін аяйтындықтарын айтады. Бір жағынан күні бойы шаршайды, демалуға мүлдем уақыт қалмайды. Ынтық сезімнің төмендегенін мойындағандардың барлығы дерлік осы жағдайға таң қалуда, себебі: олар бір кездері бірінен-бірі жарты елі де ажыраған емес. Тіпті, уақыт өте келе олар бір төсекте теріс қарап жататындықтарын елестете де алған емес екен. Бір қатысушы: «Егіздерім дүниеге келгеннен кейін мен ләззаттану жайлы тіпті ойлай да алған жоқпын. Бір кездері күйеуім ылғи түсімде оған қолымды сермеп «Мені жайыма қалдыр! Қажет емес!» деп айқайлайтынымды естігенінде бірнеше күн бойы менімен тілдеспей қойды» деп жазады.

Зауқым соқпайды

Әйел адамдардың іңкәрлікке ынтығуы – бұл өте нәзік те күрделі жағдай. Ерлерге қарағанда әйелдер серіктесіне эмоционалды тәуелді келеді екен. Шаршау, стресс немесе ұсақ-түйек үшін ұрыс-керістің барлығы әйел ынтызарлығын талқандай алады. Иә, көптеген әйел үшін ерін құшу отбасылық міндеттің біріне айналатыны да жасырын емес. Алайда, сіз бала оянып кетуі мүмкін деп немесе күйеуіңіздің жүріс-тұрысына алаңдасаңыз онда ынтызарлық сезімінен айнып қаласыз.

Сіз үй тірліктерін атқару мен сүйіктіңізді қанағаттандырудың тығыз байланысты екенін білесіз бе? Әйелдердің айтуынша, ерлеріне деген қызығушылықтарының төмендеп кетуінің және реніштерінің бір себебі серілеріміздің үй шаруасына қол ұшын созбауында екен.

Әйелдер мен ерлердің қалаулары табиғатынан түрліше болып келетіндігін айту керек. Ерлердің ынтызарлығы тестестерон деңгейіне байланысты болады және төсек қатынасы ер азаматтардың бойын босатуына көмек береді. Олар үшін жатын бөлмесіндегі тәтті арпалыс күйзелісті жояды, шаршағанын басады. Ал, әйелдер күйзелістен ажырай алмаса және балқи алмаса оларды ешқандай да іңкәрлік қызықтырмайды. Кей дәрігерлер жас аналардың төсек қатынасынан қашып тұруын табиғи қалып деп те есептейді. Мұндай жағдайда олар балаларына көп көңіл бөле алады. Егер қарым-қатынас енді ғана басталып келе жатқан болса, ғашықтық сезімі ағзаға химиялық процесс жібереді де құмарлық пайда болатындығы – ерлер үшін де, әйелдер үшін де белгілі. Бірақ, бірнеше жылдан кейін құмарлық басылады, әйелдер күйеуім күте-күте шаршап өзі-ақ ұйықтап қалады деген оймен кештеу жатуды әдетке айналдырады.

 

Ыстық іңкәрлік

Десе де, дәлме-дәл көзқарастағы жұптар некен-саяқ. Көбінесе, ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісінің ұсынысын күтпестен жатын бөлмеге асығып тұрады. 38 жастағы еркек әйелін қызғандыру үшін ашынасы бар адамдай кейіп танытатындығын айтты. Бұл әдістегі оның басты мақсаты – әйелінің назарында болу, яғни бұл еркек үшін қызғандыру – өзі ойлап тапқан ең тиімді құрал.

Көптеген еркек бүгінде әйелінің құмарлық сезімінің төмендеуіне түсіністікпен қарап, қажетті көңіл күйге бөленгенше күтуге дайын. Алайда өмірдің күрделі кезеңдерін, күйзелісті есепке алсақ, күту процесі ұзаққа созылып кетпек. Солай емес пе?

Балқып көріңіз, балқыта біліңіз…

Егер сіз анау айтқандай жан-тәніңізбен ыстық құшақты аңсап тұрмасаңыз да, төсектенкерек ләззатты ала алмайсыз деген сөз емес. Тек бойыңызды бос ұстап, күйеуіңіз сізге ләззат сыйлауына мүмкіндік берсеңіз процеске қалай еніп кеткеніңізді аңғармай қаласыз.

Назарларыңызды: «бойыңызды бос ұстаңыз» деген түйін сөзге аударғымыз келеді. Егер сіз жиіркенішпен қарасаңыз, ешқандай да ләззат болмайды, бұл анық жағдай.

Жұптардың төсекте табысуы бұл міндеттен, қалыпты жағдайдан емес, еркін таңдаудан туындайтын қуаныш болуы керек. Мұндай ләззатты кімге және қалай сыйлау керектігін тек сіз шешесіз. Тіпті, шаршап тұрсаңыз да сіз бұл іске өкінбейсіз.

Не істеу керек?

Оның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Ерлерге тек физикалық жақындасау ғана керек емес, оларға сүйікті әйелімен аймаласу, қауышу, байланысты сезіну керек, осыны түсіне біліңіз. Ойлаңызшы, егер сізді ылғи да шеттетіп отырса қалай болар еді. Әрине, ләззаттан бас тартуға түрлі сылтаулар (балалар, шаршау, жұмыстағы стресс т.б.) бар, алайда бұл сылтаулар ешқашан бітпейді. Еріңізбен жыныстық қатынас азайып кеткен күнде де күйеуіңізге ол сіз үшін бәз баяғыдай қымбат екенін түсіндіріңіз. Мұндай алшақтық уақытша екендігін жеткізе біліңіз, сізде қиын кезең екендігін, бәрі де қалпына келетінін түсіндіріңіз.

Келісіңіз. Америкалық психологтар теориясы сізге жақсы көмектесуі әбден мүмкін, тәжірибеде қолданып көріңіз. Түптеп келгенде келісу-келіспеу сіздің еркіңізде. Ал, егер екі айдан асса да күйеуіңіздің мойнына асылып, құшарлана иіскеу әрекетіне зауқыңыз соқпаса, онда дәрігерге қаралыңыз, сараптама тапсырыңыз. Құмарлықтың төмендеуі медициналық жағдайлармен де байланысты болуы мүмкін, ертерек қаралсаңыз бұл жағдайларды қалпына келтіру де оңай.

Уақытты белгілеңіз. Иә, көбісі үшін төсекте бас түйістіруді жоспарлау артықтау көрінеді. Бірақ, барлық істеріңізді уақыт-уақытымен бітіргіңіз келсе жатын бөлмесіне қай кезде бас сұғатыныңызды ойлаңыз. Күннің екінші жартысында атқаратын жұмыстарыңызды сенбіге ысыра тұрыңыз, еден жумаңыз, қиын тамақтар әзірлемеңіз, балаларыңызбен жақсы кино тамашалаңыз. Кешкі асқа дайын тұшпара әзірлей салғаныңызбен, түнде сізді ұмытылмас түндер күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Сіз де күш те болады және ләззат алуға уақыт та табылады. Ал, бұл жұмыстарыңызды күйеуіңіз құптайтын анық.

syrlasu.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста