Сұрақ-Жауап. Кеңес

ТОЙҒАН ҮСТІНЕ ТАМАҚ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

  • ТОЙҒАН ҮСТІНЕ ТАМАҚ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

    ТОЙҒАН ҮСТІНЕ ТАМАҚ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

Мұсылман адам ішкен, жеген асының адал, таза болуына аса мән беруі тиіс. Шариғаттың адал еткендерін жеп, арам еткенінен тыйылып, күмәнді істерден алшақтау қажет. Себебі харам астың барлығы адам ағзасына зиян. Ал адал астың көбі зиян, азы пайдалы. Имам Ғазали: «Харам &ndash у (заһар) іспетті, адам баласының дініне зиян келтіреді. Ал халал &ndash дауа секілді, азы пайдалы, көбі зиян» дейді (Ихия улумид-дин, 1/236). Ендеше, тағам жеудің үкімі төмендегі жағдайларға байланысты әрқалай болады:

Парыз. Яғни өліп қалмауы үшін белгілі мөлшерде тамақ жеу. Онсыз адам баласының қалыпты өмір сүруі қиындайды. Егер тамақ жемей, суды ішпей дүние салса күнәһар болады. Себебі ол өз басын қауіп-қатерге салды. Құран аяты бойынша оған тыйым салынған (Алла Тағала: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», - деген («Бақара» сүресі, 195-аят).
Мұстахаб (яғни сауап алады). Ол &ndash намазды толық орындау үшін және оразаны жеңіл ұстау үшін біріншісінен қарағанда шамалы көбірек тамақ ішу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың құзырында күшті мүмін әлсіз мүмінге қарағанда әлдеқайда жақсырақ», &ndash деген (Муслим, №2664). Құлшылықты орындау мақсатында әлденіп алудың өзі ғибадат саналады.
Мубаһ. Ол дененің қуатын арттыру мақсатында тойғанша жеу. Бұның сауабы да күнәсі де жоқ. Алайда адал асты жеген болса да қиямет күні тиісті есебін береді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір ыдыспен құрма алып келгенде: «Сендер осыған да жауап бересіңдер» деген. Омар (р.а.): «Осы нәрседен де сұраламыз ба?» дегенде, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға серт! Шыбын жаным иелігінде болған Аллаға ант етейін, қиямет күні ыстық және суық суды қолданғандарың үшін де есеп бересіңдер. Тек әуретіңді жапқан матаның, аштықтығыңды басқан бір түйір нанның және шөліңді қандырған судың жөні басқа», &ndash деген (Ахмад, №440).
Харам. Бұл тойып тұрса да, үстінен тағы жеу. Өйткені ол дүние-мүлікті шашу, ысырап ету, сондай-ақ денсаулыққа зиян болып саналады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес. Асқазанды толтыру қажет болса, үштен бірін тамақпен, үштен бірін сумен және үштен бірін ауамен толтырсын» (Ибн Мәжә, №3349. Термизи, №2380) деген еді. Тек ертеңгі күні ораза ұстау ниетімен, әлденіп алу мақсатында немесе қонағы қысылмай астан дәм татуы үшін артығымен тамақ жеудің оқасы жоқ. Себебі қонақты ренжіту, онымен дұрыс мәміле жасамау &ndash шариғи және адамгершілік тұрғысынан да құпталмайтын іс (Әл-ихтияр ли тәғлили әл-мухтар, 4/171).
Сондықтан тамақты тойғанның үстіне тойып жеуге болмайды. Алайда қонағы ұялмай астан алуы үшін әрі ертеңгі күні оразаға қуаттану мақсатында артығымен жеудің жөні басқа.

muftyat.kz




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.11.2020, 00:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31