Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тұқымбергіш еркекті қолына қарап тануға болады

  • Тұқымбергіш еркекті қолына қарап тануға болады

    Тұқымбергіш еркекті қолына қарап тануға болады

Сеул ұлттық университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, ұрығы мол ер адамды оның қолына қарап білуге болатынын анықтады. Бұл туралы Wiley Online Library журналы хабарлады.

 

Ғалымдардың айтуынша, ер адамның оң қолының ортаңғы саусағы мен аты жоқ саусағының ұзындығы арқылы оның аталық ұрық безінің көлемін анықтауға болады. Егер кімнің төртінші саусағы ортаңғы саусақтан үлкен болса, онда оның жұмыртқасы да ірі болады. Ал егер, керісінше, ортаңғы саусақ аты жоқ саусақтан ұзын болса, онда оның бездерінің көлемі кішірек болады.

 

Бұл ғылыми экспериментке 20 мен 69 жас аралығындағы 172 корей азаматы қатысқан. Олар урологиялық хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Зерттеуші ғалымдар алдымен әрбір қатысушының екінші және төртінші саусақтарының ұзындығын өлшеп шыққан. Осыдан кейін тәжірибелі тәуелсіз уролог олардың бездерінің көлемін өлшеді.

 

Сондай-ақ ғалымдар адамның жасы мен бойының ұзындығы аталық бездерінің көлеміне соншалықты әсер етпейтінін анықтаған. Бұған дейін ғалымдар ер мен әйел адам саусағының ұзындығы олардың тартымдылығының көрсеткіші бола алатынын анықтаған еді. Егер әйел адамның ортаңғы саусағы төртінші саусағынан ұзын болса, онда оның бет әлпеті де сүйкімді көрінеді. Ал ер адамдарда, керісінше, егер төртінші саусақ ортаңғысынан ұзын болса, онда оның әйелдер арасында беделі жоғары болмақ.

 




Көрілген: 5681    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31