Сұрақ-Жауап. Кеңес

Тұмау мен коронавирусты медициналық тексерусіз ажыратуға бола ма

  • https://spb.blizko.ru/

    https://spb.blizko.ru/

Қазір адамдар тамағы жыбырлап, аздап жөтелсе де қауіптеніп, алаңдай бастайды. Халық өз бетінше, үй жағдайында тұмау мен коронавирус белгілерін ажырата алмайды. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

 

«Тұмау мен коронавирустың ұқсастығы бар. Бұл екеуінде де әлсіздік байқалады, дене қызуы көтеріледі, науқас көбіне жата бергісі келеді. Бір қарағанда бұл екі аурудың симптомдары бірдей және оларды ажырату мүмкін емес сияқты көрінеді»,– дейді Алмаз Шарман.

 

Оның айтуынша, тұмау кезінде адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді.

 

«Тұмау мен коронавирусты қарапайым адам, үй жағдайында ажырата алмайды. Сондықтан, қандай да бір белгілері анықталса, бірден медициналық мекемелерге жүгінгендері абзал. Кеселді індетті тек арнайы зертханалық тексеру арқылы анықтауға болады»,– деді ол.

 

Сонымен қатар, ол тұрғындарды өз бетінше емделмеуге шақырды.

 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31