Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түнде жұмыс істеген денсаулыққа пайдалы ма?

  • Түнде жұмыс істеген денсаулыққа пайдалы ма?

    Түнде жұмыс істеген денсаулыққа пайдалы ма?

Дегенмен қазіргі заманда түнде жұмыс істеудің алдын алу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда әлем күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеуге көшкен. Тәулік бойы қызмет көрсететін орындар, дүкендердің саны күннен күнге артып келеді. Ал әуежай мен аурухана секілді маңызды нысандар 24 сағат бойы жұмыс істеуге міндетті.

2019 жылы ракты зерттеу бойынша халықаралық агенттік (IARC) түнгі уақытта қалай дұрыс жұмыс істеу керегі жайлы зерттеу жұмысын жариялады. Түнгі жұмыс ұйқы мен зат алмасудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл өз кезегінде артық салмақ пен екінші типтегі сусамыр аурудың өршуіне себеп болады. Оған қоса жүрек-қан тамырлары мен психологиялық ауруларға ұшаруы мүмкін.

Дегенмен қазіргі заманда түнде жұмыс істеудің алдын алу мүмкін емес. Сол үшін де ғалымдар түнгі уақытта жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығын жіті бақылап, уақытылы медициналық тексерістен өтіп тұруға кеңес береді. Әсіресе көлік жүргізушілері, әскерилер, сақшылар мен дәрігерлер түнгі уақытта жұмыс істеуге мәжбүр.

2014 жылы Ұлыбританиядағы Суррей (SSRC) ұйқыны зерттеу орталығы түнгі уақытта жұмыс істеу адам ағзасына молекулалық деңгейде әсер ететінін анықтаған. Зерттеуге қатысқан адамдар үйреншікті тәртібінен бас тартып, түн мезгілінде жұмыс істеп көрген. Нәтижесінде олардың қан талдауы белсенді жұмыс істеуге бағытталған геннің көрсеткіші 6%-дан 1%-ға төмендегенін көрсетті.

Дереккөз: Massaget.kz




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 13:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30