Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тұрақты төсек қатынасына түсетіндер 15 жылға жас көрінеді - маман

19 қазан 2020, 20:29

Ұлыбритания ғалымдары зерттеу жүргізе келе тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетіндер 15 жылға жас көрінетінін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы dni24.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Британиялық ғалымдар кей адамдардың жас көріну себебін анықтау жолында оның төсек қатынасымен байланысы барын анықтады.

 

Зерттеушілер өз тұжырымын дәлелдеу үшін Англияның бірнеше қаласында мыңға жуық ересек адамнан сауалнама жүргізеді. Талданған жауаптардың нәтижесін зерттеу барысында олар тұрақты жыныстық қатынастың арқасында адамдардың өзін жақсы сезінетінін және 15 жылға жас көрінетінін байқаған.

 

Десе де сарапшылар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген генетиктер әлі күнге дейін жастық пен сұлулықты егде жаста сақтаудың шынайы мүмкіндігін дөп басып таба алмай келеді.

 

Бірақ бұл эксперименттің авторлары тек өзіне деген сүйіспеншілік, қамқорлық және өмірден ләззат алу қабілеті жан дүниесінде үйлесімділікті сақтауға көмектесетінін айтуда.

 

Егер адам өзін жас сезінсе, онда бұл міндетті түрде оның сыртқы келбетінен көрінеді дейді ғалымдар.