Түркия мен туризм егіз ұғымдай...

Түркия мен туризм егіз ұғымдай...

Әлемді жайлаған пандемиялық ахуал Түркия туризмінің аяғын тұсаулағандай болғаны рас. Алайда 1 шілдеден бастап түрік ағайындар жан жақтан ағылатын туристерге есігін айқара ашты.  Тарихы бай ескі қалалар, асханасы алуан түрлі түрік тағамдары, әдемі жағалау, тұзды теңіз аталмыш елдегі демалысты естен кетпестей есте қалдыратыны сөзсіз. Оған арнайы сапарда көзіміз жетті.

Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен, GoTurkiye туризмді дамыту және ілгерілету агенттігінің ұйымдастыруымен Анталья қаласында журналистер мен блоггерлердің басын қосқан бес күндік саяхат көңілде – Түркия мен туризм егіз ұғымдай әсер қалдырғаны да рас. Екі мың жылдық тарихы бар, әлі күнге жұрнағы сақталып қалған ескі қалаларымен туристерді еріксіз арбайтыны бөлек тақырып. Курортты қалаларындағы жоғары қызмет көрсету үлгісі, әлемдегі пандемиялық жағдайға қарамастан қауіпсіздік пен жайлылықты қатар сезінтіп, демалыс кезінде денсаулығыңа алаңдамауға кепілдік береді.  Туристік орындардың қызметі Түркияның туризм саласын әлдеқашан жолға қойып алғанын аңғартады.

Саяхаттың алғашқы күнін Антальяның қақ ортасына орын тепкен ескі қала Каличи ауданынан бастадық. Ескі қала Каличидегі рим императоры Адриананың құрметіне аталған Адриана қақпасы  қала тұрғындарының екі мың жыл бұрынғы тарихынан сыр шертіп қана қоймай, ежелгі қаланың көркем сәулетін де аңғартады.

Адриана қақпасына жалғасып жатқан ескі қаланың тар көшелерін бойлай жүріп, ескі қала ғимараттарының әлі күнге халыққа қызмет етіп жатқанын көріп таң қалдық.

Осы тар көшелерді жағалай орналасқан дүкендердегі сан алуан ұлттық бұйымдар, кәдесыйлардың көңілге керемет күй сыйлағаны соншалық қайтатын күні іздеп жүріп, осы аудандағы дүкендерді тауып алуымыз көп нәрсені аңғартатындай.

Анталья қаласынан шықпай ақ ежелгі түрік тарихымен, мәдениетімен, сәулетімен танысқыңыз келсе Каличи ауданын бетке алсаңыз болғаны…

Саяхаттың екінші күні Анталья қаласынан 80 км қашықтықта жатқан Сиде қаласында жалғасты. Ескі қала орнына бой көтерген құрылыста ескі қалаға деген құрмет айқын көрінді. Ескі қаланың құрылыстарын әйнек астынан асфальтты жағалап тамашалап келе жатып, дәл сол асфальт жиегіндегі заманауи бутиктерден қалаған жәдігеріңізді, керек жарақтарды сатып ала беруге болады.

Афины мен Аполла қамалдарына тұрғындардың қаланың бойтұмары, қорғанышы ретінде қарауы, туристерді одан әрі еліктіреді екен.

Жер сілкінісінен қирап қалған құрылыс қирандыларына шейін сақтап, қоршап қойған. Бір шеті теңізбен жалғасқан, көшелерінде ескі қаланың айшықтары айқын байқалатын түріктердің ежелгі тарихы мен бүгінгі тұрмыс тіршілігі айқын байқалатын Сиде қаласы кез келген туристің көңілінен шығары сөзсіз.

Сиде қаласынан шыға бере Аспендустағы амфитеатрға табан тіредік. Бір сәтте 20 мың адам сыйып кететін бұл амфитеатр көлемі жағынан Эфес қаласындағы амфитеатрдан кейінгі екінші орында екен.

Жолбастаушымыз Веркан бейдің айтуынша 2000 жылдық тарихы бар амфитеатрды әлі күнге фестивальдарда пайдаланатыны таң қалдырды. Тас қамалдардан тұрғызылған ең ірі амфитеатр әлі талай ғасыр қызмет ететін түрі бар. Ең сүйсіндіргені де сол!

Осы күнгі саяхатымыз Белек ауданындағы The Land of Legends орталығымен тәмамдалды.

Парктың бір бөлігі түрлі әлемдік брендті киімдер дүкеніне, қонақ үй мен мейрамханаларға арналса, қалған бөлігі балаларға арналған ірі шоу бағдарламасы бар, аттракционды орталыққа арналған. Ертегі әлеміне енгендей әсер беретін бұл орталықты тек көзбен көру керек. Екі мың жыл бұрын сәулетті қала тұрғыза білген түрік ұрпағының  бүгінгі күні одан кем құрылыс салуға тиіс емес екенін  еріксіз мойындайсың…

Саяхаттың үшінші күні Анталья окенариум орталығымен басталды. Негізгі бағдарламада көрсетілмесе де окенариум орталығының жанында орналасқан мүсіндер мұражайына да кірудің сәті түсті.

Бұл жерде гидіміз Беркан бейдің еңбегі атап өтерліктей. Біздің қызығушылығымызға сай уақыттың тыңыздығына қарамастан бәрін көрсетіп қалуға барынша тырысты. Әлемдегі мықты тұлғалардың мүсіндері Face of face мұражайынан орын теуіпті. Сурет салып қазір ғана дамылдап демалғандай әсер беретін Пикассо, беріле ән шырқап тұрған Майкл Джексон секілді тұлғаларға әні міне жан бітіп кетердей сезім сыйлайтын бұл мұражайдан да алған әсеріміз шексіз болды. Океанаримуда балықтың үш мыңнан астам түрі бар екен. Жерорта теңізінің түбінде орналасқан елдің балықтар мен олардың тіршілігіне қатысты да көрсетері көп екен…

Антальяның тағы бір мақтанышы Дуден сарқырамасы. Теңізге құйылып жатқан сарқыраманың ғажайып көрінісіне арнайы келіп суретке түсіп жатқан туристер көп ақ.

Саяхатымыздың соңғы күні ескі Перге қаласымен тәмамдалды. Кезінде 25 мыңдай адам өмір сүрген, ұзақ жылдар қалаға жау тиіспеуінің нәтижесінде қала халқы өте ауқатты тұрған деседі.

Жолбастаушымыз Беркан мырзаның айтуынша “қаланың төрт қақпасында төрт күзетші үнемі ауысып тұрып қаланың тыныштығын күзеткен. Сол кезеңдегі сауда жақсы дамыған қалада, монша мен амфитеатр да болған.

Сол кезеңнің өзінде санитарлық сақтық шараларына аса қатты мән беріліп, қалаға келген қонақтар алдымен қаланың кіре берісіндегі моншаға түсіріліп, сосын барып қалаға кіргізілген екен. Ал таудан аққан Ақсу өзені қаланың орталығын қақ жарып өтіп, моншаға бағытталған”. Жолбастаушымыздың қолындағы тарихи кітапқа қарап ақ ескі қаланың сән салтанаты келіскен қала болғанын бағамдадық.

Перге қаласының амфитеатрының да әлі күнге сақталып, туристерді тартатын бір орын ретінде қызмет көрсетіп келе жатқанына куә болдық.

Коронавируспен байланысты шектеулерді біртіндеп алып тастаудың арқасында Анталиядағы жазғы туристер ағыны көбейіп келеді. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында мұнда 1,5 миллионға жуық шетелдік қонақ келіпті.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан Анталияға 41 114 турист келіпті. Дегенмен Анталья мұнымен шектеліп қалмай, туризімімен талай елді таң қалдырып, елге келетін туристер санын арттыра беруді мақсат етіп отырғаны байқалады.

Ойдағыдай демалғыларыңыз келсе Антальяны бетке алыңыз… 

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста